Зерделі жырларыңыз елмен бірге
2020 ж. 14 желтоқсан
2422
0

«Қазақ үні»
Жо-оқ, Нәзікен поэзияға кешігіп келген жоқ. Кезінде келді. Ол кешігіп келген жоқ, өзін өзі іркіп келді. Ол бүгінде түн асқан жарау арғымақтай. Кеше кешкілікте сауған сүт сияқты: бүгінгі қаймағы бір елі!Қадыр МЫРЗА-ӘЛИ,
ақын, Қазақстанның халық жазушысы
Жырларында қазақтың жарқын да парасатты бол- мысы тұнып тұрған ақын Нәзікен Алпамысқызының по- эзиясын оқыған жанның шыңға шыққандай тынысы ашы- лып, ойы шарықтап кетеді. Сананың қатпар-қатпар түйткілінен ақын салмақты ойды сезім қармағына іліп алып ширықтырып жібергенде оның қаламынан пайымды да фәлсафалы жырлар төгіледі.Жадыра ДӘРІБАЕВА,
ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Құмбел шыңындағы жыр! Кеше ғана бар адамға, жақын әпкеңе азанама сөзін жазу оңай емес. Нәзікен Алпамысқызы менің ғана емес қазақ әдебиетіндегі бүгінгі көптеген қыздар мен жігіттердің қамқор анасындай, өрелі ой айтар әпкесіндей еді. Негізгі мамандығы жоғарғы білімді экономист ғалым болғандықтан Алматыдағы Халық шаруашылығы университетінде, өзге де жоғарғы оқу орындарында ұзақ жыл дәріс берді. Республикамызға аты белгілі көптеген экономистерді болашақ мамандығына баулыды. Нағашы сіңілісі ретінде Нәзікен әпкемнің есімін алғаш анам Күлширадан бала күнімде естігенмін. «Шалтабай атаңның қызы Бақтылы әпкем мен Алпамыс жездеміз біздің ауылға іргелес мына Отыз жылдықта тұрады. Жалғыз қыздары Нәзікен мектепті алтын медальмен бітіріп, Мәскеуге оқуға түсті. Аспирантура бітірді. Жақсы оқыған, өмірін оқу-ғылымға арнаған» деп мақтан тұта айтқан әңгімесі есімде қалыпты. Ол заманда мектептен соң өзімнің де Алматыда оқитынымды, кейін әдебиет әлемінде жүздесіп, Нәзікен әпкеммен тілектес, әріптес жандарға айналатынымызды әлбетте білген жоқпын, әрине. Бір өкініш бір үміт! Бәрі де күні кешегідей еді! Жалған дүниеден Қазақтың Көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Нәзікен Алпамысқызы өтті деген суық хабарды жеткізудің өзі ауыр екен. Әлеуметтік желідегі қалың оқырман қауымға, әріптестеріне амал жоқ күңірене хабар айттық. Арқалы ақын апамызбен туыстығымызға қоса рухани сіңлісі ретінде сыйластығымыз өз алдына жылы естеліктерге толы. Қайсы бірін айтайын. Жазушылардың Халықаралық Алаш сыйлығын алған «Жарқырап аспанымда күн тұрғанда» көлемді өлеңдер жинағын өз талғамына сай, айтқанын орындай жүріп, біздің баспа шығарып берген еді. Сырбаз, дегдар талғамды жанның алғысын алудың өзі бір бақыт. Қазақтың Нәзікен сынды үлкен ақыны біздің кішкене баспамызды биыл тағы таңдады. Осы атың өшкір вирус тосқауылы басталар алдында «Құмбел шыңында» жыр жинағын баспамызға тапсырған болатын. Сап-сау, әдеттегі сергек қалпында үйіне бір-екі рет барып, тапсырысы қалай орындалып жатқанын көрсетіп, баспадан басуға рұқсат деген қолтаңбасын алып, кітабын шығарып, жеткізіп те бердік. Сол жолы науқастанып қалғанын көріп, хал сұрасып, тілекші боп жүруші едім. Енді міне, соңғы сапарына бақұл болсын демекпін. Сарыби ауылына барып, бір топ жазушылармен бірге жаназаға қатысып, ақын апамызды ақырғы сапарына шығарып салдық. Жазушылар одағының хатшылары, белгілі ақындар Бауыржан Жақып, Бақыт Беделхан, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлы, Нәзікен Алпамызқызының ақын сіңлісі Баян Бекетова жиналған қауымға толғанысты ойларын жеткізді. Баян Бекетова жүрек толқытқан өлеңін оқыды. Әлеуметтік желідегі Нәзікен Алпамысқызының оқырмандары мен әріптес достарының, замандастарының қоштасу лебіздерін ақынның жерлестеріне жеткізе тұрып, шер бөлістім. Өзінің көзінің тірі кезінде жаңадан шыққан «Құмбел шыңында» өлең кітабы жиналғандарға тәбәрік ретінде таратылды. Қазақтың Нәзікен ақынының енді рухани мәңгі өмірі басталды деп көңіл жұбаттық. Киелі өнер қонған Асыл әпкем, Қазақтың Нәзікен Ақыны, бақұл болыңыз! Жаныңыз жаннатта болсын! Баян Болатханова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Molia&DOS» ЖШС баспасының директоры. qazaquni@mail.ru