Ахмет Байтұрсынұлы және латын алфавиті

         ХХ ғасыр аяғынан  ХХІ ғасырда   Қазақстан республикасы үшін үлкен өзгерістер еңгізіліп жатыр. Әлем қаншалықты дамыса, Қазақстан республикасы көштен қалмай іргелесіп соншалықты дамып келеді. Еліміздің алға қояр мәселелерінің бірден - бірі ол тіл.  Осы орайда айтар болса, барлығымызға мәлім латын әрпіне ауысу еді. Латын әрпін қозғаған кезде міндетті түрде Ы. Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ баспа сөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері, жас совет үкіметіне адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсын тұралы сөз болады.  Ұлы ағартушымыз: «Біздің заманымыз–жазу заманы» - деген.                              «Білім ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қаранғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды. Сонымен А. Байтұрсын 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен) айналыса бастайды. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол 1912 жылдан бастап «Айқап» жұрналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне білдіре бастайды.         Қазақ жазуына, тіліне ыңғайлысы ол «Арап» әріптері еді. А.Байтұрсын араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы ешбір талассыз қабылдады, себебі А. Байтұрсыновтын реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы альфабитті негізге алған жаңа жазуы ( ол «Жаңа емле» деп аталады) іс жүзінде қолданыла басталды. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ – орыс мектептері де қолдана бастапты. 1924 жылы Орынборда маусымның 15 – сіндегі мәжілісінде А. Байтұрсын «Әліпби тақырыпты» деген баяндама жасайды. Ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы съезде дәлелдейді. Әліпби (графика) қандай қасиеттерге ие болу керек деп, қазақ халқы қолданып отырған, икемделіп, өңделген (реформаланған) араб алфавитінің он сипаттарын (қасиеттерін) көрсетеді де, латынға көшкенде, латын алфавитін қолданушы Еуропа халықтары тіліне түркі жұрттарының қатысы жоқ дей келіп, «латын әліпбиін тұтынған (еуропалық) жұрттар орыстың орнында болып, аузына қарап... Онда алуға мағына бар дер едік» деп ойын орнықтыра түседі.      А.Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын таңбаларын алуды қостаған Алаш арысы, біртуар мемлекеттік қайраткер Нәзір Төреқұловтың баяндамасын талқылап, екі алфавиттің оң – теріс жақтарын сарапқа салып қарағаннан кейін, съезд: «Қазақ тұтынып отырған түрк (араб таңбалы) әліпбиінің баспа түрін дара болмауы баспа ісіне де, үйрету жағына да қолайсыздық қылатын болғандықтан, ол қолайсыздықтан құтылу үшін түрк әліпбиінің өзін түзету өзге әліпби алудан анағұрлым оңай болғандықтан, түрк әліпбиінің жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек» деп А.Байтұрсынов реформалаған және баспа түрінің де вариантын ұсынған араб жазу негізіндегі қазақ алфавитін қабылдау керек» деген қара ұсынды. (Қазақ білімпаздарының  тұңғыш съезі. Орынбор. 1925).                                                         1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкіл Одақтық Түркологиялық съезде  барынша дәлелдеп, қазақтардың латынға көшуіне  қарсы болды. Бұрыннан пайдаланып келген, әрі нақтылы бір ұлт тіліне лайықталып, реформаланған  араб (мысалы, қазақтардікі сияақты), не орыс (мысалы, сол кезде чуваштар қолданып отырған) графикасын латыншаға ауыстырудың ешкандай не саяси – идеологиялық, не экономикалық тиімділігі жоқ, сауат аштыру, оқыту ісінде де лайықталған араб графикасы мен қабылданбақшы латын жазуының бір – бірінен артық - кемдігі шамалы, керісінше, жазу таңбасын өзгерту сан ғасырлық жазба мұрадан, жазба дәстүрден қол үздіреді дегенді айтты.                                                                                                           А.Байтұрсыновты жау етіп тануға күш салғандардың оған тағатын айыптарының бірі – « Байтұрсынов термин жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни қазақ тіліне орыс сөздері мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты» деген пікір болатын. Сөйтіп, ұлы ағартушы, педагог 1929 жылы ұсталып кеткені байқалады.                                                             («Тіл тағлымы», Ахмет Байтұрсынов Алматы «Ана тілі» 1992 ). (Рәбиға Сыздықова, филология ғалымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының мүшесі.)                                                                                           ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақ мәдениеті, жазба тілі үшін графика (әліпби) мәселесі мен қазақ жазуы емлесі жайындағы әңгіме баспасөз беттеріндегі пікірталастар түрінде әлеуметтік үнге ие болды. Бұл – қазақ рухани-мәдени дүниесінің едәуір көтерілгенін, ұлттық проблемаларға бара алатын зиялы топтың, мәдени күштің жетіле бастағанын танытты. Қазақ жазбасы сан ғасыр бойы қолданылып келген, ХХ ғасырдың басында реформаланып, қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне лайықталған, кезінде үлкен ғалымдар (ПоливановЯковлев т. б.) «Байтұрсынов жазуы» деп, ал А. Байтұрсыновтың өзі «Қазақ жазуы» деп, кейінгі зерттеушілер «Қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы» деп аталған араб таңбалы жазуды ХХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап латынға ауыстыру науқаны басталды. Бұл қарекет, әрине, жеке-дара қазақ мәдениетінде емес, түріктер мен әзірбайжандарда басталып, Ресей қол астындағы түркі халықтарының (татар, қазақ, өзбек, қырғыз, ноғай т. т.) барлығының саяси-мәдени өмірінде белсенді түрде орын алғаны белгілі. Бұл құбылыстың алдыңғы кезеңдердегі алфавит, соған сәйкес жазу тәртібі – орфография мәселелерінің қойылуынан өзгешелігі сол – бұл кезеңде (1924 – 1929 жылдары) графика мен орфография үлкен саяси-әлеуметтік үн алды. Конференция, жиындар өткізілді. Бұл проблемаларға арналған ғылыми-практикалық негіздерге сүйенген баяндамалар жасалып, үлкен пікірталастар орын алды, қазақ ағартушылары мен ғалымдары арабшылар – латыншылар болып айқын екі жікті құрады. А.Байтұрсынов, М.Дулатовтар бастаған «арабшылар» (реформаланған араб жазуын ұсынушылар) азшылық болды. Сол кезеңнің саясатына қарай өзге түркі халықтары өкілдерінің көпшілігі латын жазуын жақтап, Кеңес Одағына қараған түркі халықтары үшін латын жазуына көшу ұйғарылды.Латын жазуын қабылдау туралы ұйымдастырылған жиын-конференциялар мен баспасөз беттерінде емле мәселелерімен қатар пунктуация жайы да кеңірек айтылды. Жазба мәтіндерде тыныс белгілерінің ережелерін түзу (жасау) және оны пайдалану проблемасы қазақ мәтіндерінде ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында көтеріліп, ХХ ғасырдың басында дұрыс, сауатты жазу үшін пунктуация өте қажетті проблема екендігі орнықты. Араб таңбалы жазуда тыныс белгілерінің жоқ болғандығы, бас әріп таңбасының жоқтығы мәтінді дұрыс жазуға, түсініп оқуға кедергі келтіретіндігі сөз болды. Әсіресе «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттері жарық көре бастағанда, тыныс белгілерін қолдану әрекеті басталды. «Синтаксистік тұтастық» (период) деп аталатын мәтін сегменттерін(бөліктерін) айырып азат жолдан (абзацтан, жаңа жолдан) бастап жазу да осы кезде көрінді. А. Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде, ХХ ғасырдың басында шығып тұрған «Қазақ», «Айқап» газеттерінде кеңінен орын алды. Араб жазуымен ұсынылған мәтінде орын алмаған (және орын алуы мүмкін де емес) мәселе – бас әріптің қолданылуы болып қала берді, сондай-ақ дефис пен сызықшаныңқолданысы, оқшау сөздердің сөйлемдегі өзге сөздерден тыныс белгілерімен, көбінесе үтірмен бөлектетіліп көрсетілуі сияқты пунктуацияның жеке тұстары да әлі айқындалып, тұрақталмағандығы көрінді. Сөйтіп, нағыз ғылыми дәлелдермен орын алған үлкен тартыстан кейін 1929 жылы қазақ халқы сан ғасыр қолданып келген араб жазуынан жаңа жазу – латынға көшті. Оның қолданылу тәртібі – орфографиясы 1929 жылы жеке талқыланып (Қызылордада өткен конференцияда), осы кезден бастап іс жүзінде қолға алынды: мектептер мен баспасөз және баспа орындары енді латынша жазуға көшті.                                                                 Міне, осымен тарихымызда, А.Байтұрсыновтың қазақ халқына, қазақ тіліне үйлестіріп қайта сұрыптап жасаған, өзінің алфавиті мен бірге халқының сауат ашып, қара тануына зор еңбегін сіңіріпқана қоймай осы жолда бар ғұмырын сарп етті десек артық болмас.  Ал қазіргі заман «Ақпараттық технология заманы». Кім не істеп, не үйренемін десе жолы ашық. Мектеп қабырғасындағы оқушыдан зейнеткер қарияға дейін латын алфавитін (толық болмасада ішінара) танымайтын адам шамалы. Өйткені заман талабына сәйкес, экспорт, импорт, тауар жазбалары, телефон сөздіктері, электрондық почтамен хабарласу (агент), интернет сайттары, кейбір шетел тілін үйрену үшін осы латын алфавитін қолданады. Рсындай қолайлы жағдай сәтін пайдаланып, мемлекетіміз латын алфавитіне ресми түрде көшкені тиімді.                                                                                               Жоғарыда айтылғандай 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкіл Одақтық Түркологиялық съезде қазақтардың латыншаға көшуіне белгілі себептермен қарсы болса, қазіргі таңда дәл осы себептермен латын әрпіне көшу тиімді болып отыр және осы орайда туысқан түркі тілдес елдердің барлығы дерлік осы латын әрпіне көшкенін ескерсек болашақ ұрпақ алдында жасаған ізгі шаралардың бірегейі болар еді.

Росол Сайратхан

Еуразия гуманитарлық институтының колледжі

КЯЛ – 31 тобының студенті