Қарақат Башанова Junior Eurovision – 2020 байқауында 2-орын алды

0
1168

Junior Eurovision XVIII ән байқауында Қазақстанның намысын қорғаған Қарақат Башанова екінші орынға ие болды.

Ол байқауда Forever әнін шырқады. Францияның атынан өнер көрсеткен Валентина бірінші орын, нидерландтық Unity тобы үшінші орын алды. 2020 жылғы Junior Eurovision байқауына Беларусь, Франция, Грузия, Қазақстан, Мальта, Нидерланд, Ресей, Сербия, Испания, Украина, Польша және Германия елдерінің өнерпаздары қатысты.

18-ші Junior Eurovision ән байқауының жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн дауыс беру арқылы анықталды. Дауыс беру жүйесі  50% қазылар алқасының шешімі және 50% онлайн дауыс беру нәтижесіне байланысты болды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз