«ов» деген құлдық жалғауды алып тастасаңыз, Мүфти мырза!

4
1461

*Ұсыныс

Ержан  қажы Малғажыұлы Майемердің Қазақстанның Бас мүфтиі болып, сайлануымен құттықтаймыз. Дініміз бен діліміздің ұлттық  мүддемізге сай дами беруіне жастық қайрат, жалынды жігерімен зор үлес қосады деп үміттенеміз.

Бізден, «Қазақ үні» газеті оқырмандары атынан  бір ұсыныс:  ең алдымен  Майемеров  деген тегіңіздегі «ов» деген орыс отарынан қалған құлдық жалғауды алып тастасаңыз дұрыс болар еді…  Мүфти мырза! Әйтпесе, мүфтидің  де, поптың  да, аттары  «ов» болып жүргенін көрген шет жұрт «Бұлар өзі Тәуелсіздікті алған ба, алмаған ба?»-деп күмәнданып жүрер. Бұл жақында ғана  газетімізде Діни басқарманы сынағанымыздың жалғасы  деп емес,  ұлтық ұстаным тұрғысынан ұсынысымыз ретінде қабылдаңыз. Бұрынғы мүфтилеріміз Рәтбек Нысанбайұлы, Әбсаттар Дербісәліұлы дегендей аттары  ұлтымызға сай болғаны дұрыс қабылданатын. Билікте де Сенат төрағасы Қайрат Мәми, Мәдениет және ақпарат министрі Мұқтар Құл-Мұхамед мырзалар ұлттық негіздегі тектерімен үлгі болып жүрген жоқ па? Енді бұл жолды еліміздің бүкіл мұсылмандары мен имамдарына үлгі етіп, бас мүфти бастама көтерсе, нұр үстіне-нұр болар еді.

Алла жар болып, ісіңізге береке берсін!

Зор құрметпен, «Қазақ үні» газеті Бас директоры Қазыбек Иса.

4 ПІКІРЛЕР

  1. Ең алдымен Майемеров деген тегіңіздегі «ов» деген орыс отарынан қалған құлдық жалғауды алып тастасаңыз дұрыс болар еді… Мүфти мырза! Әйтпесе, мүфтидің де, поптың да, аттары «ов» болып жүргенін көрген шет жұрт «Бұлар өзі Тәуелсіздікті алған ба, алмаған ба?»-деп күмәнданып жүрер.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз