Алматыдағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі екі мыңға жуық шара өткізді

«Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» кітапханалары 2020 жылға 3500 іс-шараны өткізуді жоспарлаған. Бірінші тоқсанда 1763 іс-шара өткізілді.

Мысалы:

6 қаңтар күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «100 жылдық жылнама» - «100 летная жизнь Каз. правды» ақпараттық буклет дайындалды. Барлығы 55 адам қатысты.

10 қаңтар күні №4 кітапхана қызметкерлері Алматы полиграфия колледжінде Қазақстанның Халық жазушысы, қазақ әдебиеті тарихында биік орны бар дара тұлға - Ілияс Есенберлиннің туылғанына 105 жыл толуына орай «Тарихи сананың тамыршысы» атты әдеби оқу өткізді.

13 қаңтар күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ҚР Мәжіліс депутаттары Артур Платонов пен Жұлдыз Омарбекова қаланың жастарымен және жас ақын-жазушылармен кездесуі өтті.

14 қаңтар күні Қазақстан Жазушылары кітапханасында жазушы, драматург, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері С. Досановтың 80 жылдық мерейтойына орай әдеби сағат өтті.

15 қантарда Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасына келіп қайтты. Сапар барысында кітапхананың жұмысымен танысты.

16 қаңтар күні №4 кітапхана - бөлімшесінде Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына арналған «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің алтын бесігі» атты тарихи-танымдық кеш ұйымдастырылды. Мерейтойлық іс-шара барысында экраннан арнайы дайындалған «Алтын Орда – 750 жыл» атты слайд-презентация, «Қазақ хандығы – Алтын Орда мұрагері» атты деректі фильмдер көрсетілді. Бұл мәдени іс-шараға арнайы «Алтын Орда – қазақ мемлекетінің бастауы» атты дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар мен қонақтар көрменің виртуалдық нұсқасымен ақпараттық шолу арқылы танысты.

17 қаңтар күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Еріктілер жылының» ашылу салтанаты өтті. Кеш спикерлері: 1.Параолимпиада ойындарының жүлдегері, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны – Серік Есматов. 2.Журналист, «Айтуға оңай», «Қаракет», «Беу», «Шешімі бар» бағдарламаларының продюссері – Әлия Құдайберген. 3. «НұрОтан» партиясы Алмалы аудандық филиалы ақпараттық тобының мүшесі – Әлмәди Қанатұлы. 4. Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі – Мәди Ахметов. 5. Республика және Алматы қаласы бойынша волонтерлер лигасының жетекшісі – Айсұлу Ерниязовалар қатысты. Алматы қаласы орта оқу орындарынан 100 ден аса жастар қатынасқан іс-шара тартымды әрі пайдалы, маңызы зор кеш болды. Іс-шара «Ана тілі», «Айқын» газеттері мен әлеуметтік желіде «Жас өркен», «Ұлт.кz» сайттарына және «Қазақстан» телеарнасында көрсетілді

21 қаңтар күні А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада хәкім Абайдың 175 жыл мерейтойына арналған Алмалы ауданы мектептері

арасында «Дарқан халықтың дана Абайы» атты әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Аталмыш шараға № 147, 54, 90, 39, 15, 16, 95, 136, 24-ші мектеп-гимназия оқушылары қатысты.

22 қаңтар күні Қазақстан Жазушылары кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын талқылауға арналған іс-шара өтті. Жиынға ақын-жазушылар, ғалымдар, Әуезов ауданы әкімдігі өкілдері, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты.Осы шара барысында «Абай» клубы ашылды.

25 қаңтар күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында Сулеймен Демирел Университеті студенттер шығармашылығынан «Өмірдің мәні не ?», «Мен сені жақсы көрем өмір!», «Жасырмаймын», «Мені өзгерткен махаббат», « Сағындым ғой» кітаптарының таныстырылымы өтті. Барлығы 100 адам қатысты.

27 қаңтар күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында жас ақын Мерей Қарттың «Қарашықтағы құбылыстар» атты кітабының таныстырылымы өтті. Кеш модераторы ақын Бақыт Беделхан. Іс-шараға қатысушылар: ақын Исраил Сапарбай, актер, ҚР мәдениет қайраткері Досхан Жолжақсынов, ақын Аманхан Әлім, ақын Алмас Исаділ, дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман және тағы басқа зиялы қауым өкілдері қатысты.

31 қаңтар күні Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында Ұлы Абайдың туылғанына 175 жыл толуына орай «Дархан халықтың – дана Абайы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Доцент, қауымдастық профессоры, Филология ғылымдарының кандидаты Бекбосынов Марат Нұрғазыұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде орналасқан Абай орталығының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты - Жабал Шойынбет, «Жоғары» медициналық және Ж.Елебеков атындағы РЭЦ колледж студенттері мен №12 Ш.Уәлиханов атындағы гимназияның оқушылары мен ұстаздары қатысты.

3 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханадағы Комикстер орталығының ашылуы өтті.

3 ақпан күні Қазақстан Жазушылары кітапханасының ұйымдастыруымен №116 мектеппен бирге Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына орай «Халқыма берем атты» қалалық байқауының бірінші кезеңі өткізді. Байқаудың мақсаты-оқушыларды Абайдың сан алуан шығармашылығымен - поэзиямен, аудармаларымен, «Қара сөздерімен» таныстырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Байқауға Әуезов ауданында орналасқан мектептердің 8 – 11 сынып оқушылары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Байқау үш номинация бойынша өтті: Абайдың өлеңдері, поэтикалық аудармалар, «Қара сөздер». Байқау тілдері - қазақ, орыс, ағылшын, қытай және т.б.. Спикерлерді бағалау критерийлері: шығарманы таңдау; эмоциялық, тәжірибе, көңіл-күй, мазмұнын аша білу; дикция; аудиториямен байланыс; сахнада өзін емін-еркін ұстау бойынша бағаланды. Байқауға 100 ден аса оқушы қатысып, 9 оқушы республикалық байқауға іріктелініп алынды, олар дипломдармен марапатталды, бірнеше қатысушылар ынталандыру алғыс хаттарға ие болды. Басқа қатысушылар қатысқаны үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

5 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Атырау Алтай жобасы» аясында ақын Асылзат Арыстанбектің жас оқырмандармен поэзия кеші өткізілді.

6 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Білгім келеді» клубының кезекті отырысы «Адамның жоғалуы» тақырыбына арналды.

7 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Хәрри Поттер мен пәлсәпа тас» кітабының (қазақша аудармасының) таныстырылымы ұйымдастырылып өткізілді.

5 ақпан күні №4 кітапхана-бөлімшесінде Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің 80 жасқа толған мерейтойына орай «Мұхтар Мағауин шығармаларының көркемдік әлемі» атты әдеби оқу өткізіліп, «Көркем сөздің Хас шебері» атты кітап сөресі ұйымдастырылды.

8 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімі ұйымдастырып өткізген «Біз-Жеңістің мұрагеріміз!» атты республикалық еске алу эстафетасы іс-шарасына көшпелі көрме апарып атсалыстық.

9 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында «Литературный клуб» Марк Мэнсонның «Тонкое искусство пофигизма» кітабының талқылауын өткізді.

14 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ақын Дәурен Берікқажыұлының «Ең жылы сөз кешіккен» атты кітабының таныстырылымы өтті.

13 ақпан күні №4 кітапхана – бөлімшесінде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай «Әл-Фараби – Ұлы Даланың Ұлық тұлғасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел аясында оқу залында «Әл-Фараби түркі әлемінің рухани жұлдызы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, экран арқылы арнайы ұймдастырылған «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты слайд-презентация, деректі фильмдер көрсетілді. Іс-шараға Алматы полиграфия колледжінің, Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің, Қазақстан-Ресей медицина колледжінің студенттері мен ұстаздары, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінің және №67 жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары мен ұстаздары қатысты.

20 ақпан күні Республика Сарайында ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шаралар өтеді.Ұйымдастырушылар:Медеу әкімдігі,Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі. Қала тұрғындары үшін ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай әлемдік ғажайып тұлға» атты көрме ұымдастырылады. Көрмеде Хакім Абайдың әр түрлі лирикалар және сатиралық өлеңдері, пейзаждық эскиздері, «Қара сөздері», орыс және шетелдік авторлардың аудармалары ұсынылады. Сонымен қатар, поэзия әуесқойларына «Поэтикалық микрофон: поэзия - тілдің билеушісі» алаңында «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқырмандары

мен танымал ақындар Абайдың өлеңдерін оқиды. «Абай әлемі» атты музыкалық сағатта Абайдың музыкалық композицияларын тамашай аласыздар. Іс-шараға келушілер ойын алаңына «Абайдың шығармаларын білесіз бе?» атты зияткерлік квестіне қатыса алады.Абай поэзиясын сүйетіндер үшін белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен «Ұлы мұраны сақтау» мастер-классы және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Барлығы 2500-дей адам қатысты.

21 ақпан күні А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханасында Абай Құнанбаевтың 175 жыл мерейтойын жалғастыру барысында «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кешіміздің қонақтары: филология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Абай ғылыми-зерттеу институының атынан Тарақов Әнуар Сауатұлы мен «Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің республикалық газетінің қызметкері Бексұлтан Нұрланұлы.

24 ақпан күні Қазақстан жазушылары кітапханасының ұйымдастыруымен, Алматы көпсалалы колледжінде, аудан амағында орналасқан, мектептер мен колледждердің оқушылары арасында ұлы Абайдың тұғанына 175-жыл толуына орай «Жырласа, жастар жырласын!» тақырыбында айтыс өтті.

24 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында Шыңғыс Мұқанның «Кемел», «Менеджер», «Көшбасшы» кітаптарының таныстырылымы өтті.

28 ақпан күні Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы жабық мекеме 155/6 жасөспірімдер коллониясында Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толуына орай, «Ленинградтық өренім» тақырыбында жыр кеші өткізілді. Бұнда кітапхана қызметкерлері мен колония тәрбиеленушілері ақынның өлеңдерін жатқа оқып, ақын айтыстарынан көріністер қойып, қазіргі кездегі қыз –жігіт айтыстарынан қойылымдар қойып, Жамбыл әндерін әуелете шырқап рухани тартымды әрі пайдалы кеш өткізді.

II тоқсанда карантин кезеңі басталғаннаң бері қазіргі кезге дейін 445 іс-шара онлайн желісінде өткізілді.

ОКЖ кітапханалары карантин кезеңінде белсенді жұмыс жүргізді. Осы кезеңде кітапханалар 455 іс-шара өткізді. Халықаралық ынтымақтастыққа үлкен назар аударылды. Мысалы, Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігімен бірге кітапханалар «Менің балалық шағымның кітабы» атты қашықтық жоба өз жұмысын бастады, оған сәйкес қоғамда танымал адамдар сүйікті кітаптарынан үзінділер оқыды. Оқырмандарды жаңа авторлармен және кітаптармен таныстырудың нәтижесінде Алматы қаласының ашық әдеби мектебімен бірге «Жазушылар балаларға» атты жаңа қашықтық жоба басталды.

Патриоттық тәрбие аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына ерекше көңіл бөлінді. «Жеңіс терезелері» қалалық акциясы осы күнге арналды, оған тұрғындар мен кітапхана оқырмандары қатысты. «Егер біз соғыс туралы жазсақ ...» Республикалық шығармашылық жұмыстар конкурсы белсенді жұмыс істеді, оған 170 оқушы мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар «Біз соғыс туралы кітаптарды оқимыз ...» қашықтықтағы жобалар бойынша жұмыс жүргізілді. Соғыс бойынша

жұмыстар циклын жас ақындар сайысымен аяқталды оған Денислам Абитилда мен Қуандық Көргенов «Қаһармандарға тазым» тақырыбына айтысқа шықты.

Абайдың 175 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар белсенді түрде жалғасуда. Оқырмандар онлайн-кітап көрмелердің материалдарымен танысып қана қоймай, сонымен бірге осы даталарға арналған онлайн-кездесулерге қатысты. Мысалы, филология ғылымдарының кандидаты Аманғали Мұхтаровтың қатысуымен «Фейсбук» желісінде Чехов атындағы ОКК ұйымдастыруымен «Абайдың рухани әлемі» атты онлайн кездесу ұйымдастырылды.

Жастармен интерактивті форматта белсенді жұмыс жүргізілді. Жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға баса назар аударылды, осы мақсатта Стивен Ковидің «Шығармашылық жастардың 7 дағдысы» кітабының негізінде онлайн сабақтар өткізілді; Экософияға арналған онлайн тренинг; «Өмірді пайдалы нәрсемен өткіз» өмірлік Лайфхак, «Бізің сүйікті кітаптарымызды оқимыз» онлайн тренинг өтті; «Махаббаттың мәні» отбасылық антологиясы кітабының онлайн-тұсаукесері өтті.

Он-лайн режимінде ұсынылған тағы бір маңызды тақырып – жас шығармашыл жастардың кітаптарын таныстыру. Мәселен, ақындармен бірге Айнұр Төлеу, Аян Мираш, Ерлан Жүніс, Қалқаман Сарин, Саят Қамшыгер және т.б.

Жас жазушылардың шығармашылығымен танысудан бөлек, белгілі ақын-жазушылар мен кездесулер өткізіліп тұрды. Мысалы, Нұрдәулет Ақыш, Жүрсін Ерман, Бауыржан Жақып, Аманғазы Кәріпжан, Балғынбек Имашев, Есей Жеңісұлымен кездесулерге үлкен аудитория (қаралым) жинады.

Басқа өнер жанрлары кеңінен ұсынылды. Мысалы, актерлер Болат Әбділманов, Бекжан Тұрыс, Алмат Сақатов, Нұрлан Әлімжановпен, сценарист Дидар Амантай, кинорежиссер, өнертану докторы Гүлнәр Абыкеева, әнші Роза Әлқожа, Арман Дүйсенов, Досымжан Таңатаровпен, мәдениеттанушы Бердалы Оспанмен және т.б. онлайн кездесулер өткізілді.

Балалар аудиториясы үшін онлайн режимінде көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Кішкентай тұрғындар мен оқырмандар үшін әртүрлі бағыттағы 11 үйірме жұмыс жасады. Мысалы, «Физика-математика», «Шахмат академиясы», «Бисер тоқу», «Мен өзім! Біз оқимыз, үйренеміз, ойнаймыз», «Сказкотерапия» «Актерлік шеберлік», «Домбыра» үйірмелері бойынша онлайн сабақтар өткізіледі.

Үйірмелердің жұмысымен қатар оқырмандарға балалар жазушылары Өтепберген Ақыпбековпен, Елена Клепиковамен және т.б. онлайн кездесулер өтті.

Тәрбиелік іс-шаралар аясында ҰБТ тапсыратын жастарға арнайы тікелей эфир ұйымдастырылды және оқу бағдарламасын кеңейту аясында «О писателях современности» атты дәріс-тренинг өткізілді.

Кітапхана мамандары карантин кезінде қалада және республикада кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізді. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жаңа «Кітапхана кеңістігі» қашықтық жобасы аясында кәсіби онлайн вебинар

өткізілді. «Кітапхана кеңістігі» жобасына Мәскеудің жетекші маманы Ю.Черный, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Қазақстанның барлық мамандары қатысты.

Кітапхана мамандары карантин кезінде қалада және республикада кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізді. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жаңа «Кітапхана кеңістігі» қашықтық жобасы аясында кәсіби онлайн вебинар өткізілді. «Кітапхана кеңістігі» жобасына Мәскеудің жетекші маманы Ю.Черный, Ресей, Қырғызстан, Беларусь және Қазақстанның барлық мамандары қатысты.

12 маусым күні Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Жаңа замандағы кітапхана үрдістері» халықаралық онлайн-семинар өтті. Семинарда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің С. Бегалин атындағы ОҚБК меңгерушісі Конарова А.С «Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қоғамдағы және ақпараттық кеңістіктегі өзгермелі трансформациясы» туралы баяндама жасады.

Моңғолияның білім беру, мәдениет және өнер салаларына халықаралық ынтымақтастық аясында Гаура Сабиханмен кызықты тікелей эфир өтті, сонымен қатар Ресей ғылым академиясының Солтүстік Сібір филиалының және аз ұлттардың гуманитарлық зерттеулер институтының қызметкері Ольга Никонорованың қатысуымен онлайн кездесу өтті. Үлкен қызығушылықпен өткен тікелей эфирдің бірі Мичиган университетінің профессоры Тимур Кожаоглумен отті.

Карантин кезеңінде бірнеше жаңа шығармашылық жобалар әзірленді олар: «Сүйікті кітабымен селфи», онда оқырмандар әлеуметтік желілерде өздерінің сүйікті және басқа оқырмандарға оқуға ұсынатың кітабымен фотосуреттерін Instagram парақшасында қойылады; «Абай оқулары» - Абай шығармаларынан үзінділер оқып видеоларын жібереді; Республикалық эссе байқауы: «Мен кітапханашымын»; Оқырмандардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған «Поэзия сағаты».

Сонымен қатар, оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерінің #BizBirgemiz#МыВместе челленджге қатысуы бойынша үлкен жұмыстары атқарылды.