ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІН ҚОРҒАҒАН «ҚАЗАҚ ҮНІ»

«Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! "Қазақ" - киелі сөз. Сондықтан да қазақтың атынан сөз айту кез-келгеннің қолынан келе бермейді. "Қазақ үні" осы бір ауыр міндетті абыроймен атқарып, ұлттың құрметіне бөленіп келеді. Қазақтың ұлттық мүддесіне адал қызмет етіп келе жатқан "Қазақ үнінің" ұжымына мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін; мәртебелерің артып, халықтың құрметіне бөлене беріңдер.

Дандай Ысқақ,

Филология ғылымы докторы, профессор