Айгүл: "Алтынаймен шаш жұлысатындай араздығымыз жоқ"
2013 ж. 06 ақпан
3445
18
Айгүл мен Алтынай «Күтпеген дуэт» жасады...
Астана. 5 ақпан. Baq.kz Продюсердің бұрынғы және қазіргі әйелдері бірігіп концерт берді. Шымкентте Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаеваның шығармашылық кеші өтті
Бұл концертке таңырқай қарағандардың көп болғаны рас. Сондықтан шығар залда ине шаншыр жер жоқ. Жұрттың бәрі бақталас деп ойлайтын қос әнші бірігіп сахнаға шығады дегенді естігендер, оған сенбесе керек. Концерт басталғанда да мұндайда болады екен-ау дегендер көп болды. Ал продюсер һәм отағасының өзі мұндай бұрын соңды болмаған дейді.
Сәбит Әбдіхалықов әншілердің бұл қадамын тарихта болмаған оқиғаға балап отыр
Сәбит Әбдіхалықов, әртіс: «Менің бұл концертке көзқарасым, ниетім біреу ғана – жұртшылыққа тамаша бір ән кешін сыйлау. Сол ғана! Басқа ешқандай ойым да көзқарасым да жоқ. Жалпы өнерде жүргененнен кейін, халыққа бір осындай кеш ұсынған да дұрыс болар! Ал бұл тарихта болмаған ғой. Тарихты жасайтын біз болғандықтан, бұл біздің міндет деп білемін. Бұған ұлым ешқандай қарсылық білдірмеді, қайта қуанып жүр. Бұл «концерттік жоба» бірінші менің ойыма келген еді. Қалай болғанда да халыққа қызық керек қой. Мәселен, Алтынай Жорабаева мен Мәдина Сәдуақасова екеуі концерт берейін деп жатыр десе, ешкім келмейді. Өйткені екеуін ештеңе байланыстырып тұрған жоқ қой. Қарақат пен Алтынай концерт қойса да мұндай қызық болмайды. Ал Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның кеші десе бәрі жапатармағай жиналады. Неге дейсіз ғой?! Екеуін байланыстырып тұрған нәрсе бар! Баршаға қызық , жаңалық бұл. Сондықтан ,халық жаппай жиналады концерке. Өздеріңізде куә болып отырсыздар бір ғана ауысыммен өтеді деген концертімізді халықтың сұранысымен екінші ауысымды өткізіп жатырмыз. Тағы да сұраныстар түсіп жатыр, сондықтан жақын күндері -осы айдың соңына қарай Шымкентке тағы да кеш өткіземіз-ау осы… Себебі біз халық осыншама көп болады деп ойлаған жоқпыз, көрерменнің көңілін қалдырмауға тырысамыз».
Сәбит: "Бұндай оқиға тарихта болмаған"