Әкбәр Қошалы: «Қазақ үні» - ұлттық мүддені қорғайтын басылым

Ақын, Түркі әлемі жас жазушылар одағы басқармасының құрметті төрағасы Әкбәр Қошалы "Қазақ үні" газетінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтады.

***

«Қазақ үні» газетінің құрылтайшысы, ақын, публицист Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Сергей Есенин атындағы сыйлықтың лауреаты Қазыбек Исаға

Құрметті Қазыбек Иса!

Сізді бауырлас Қазақстанның көркем-әдеби және белгілі қоғам қайраткері ретінде танимыз. Өзіңіз құрылтайшылық ететін «Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Сізге және газеттің барша қызметкерлеріне шалқар шабыт және сәттілік тілеймін!

«Қазақ үні» газеті мен газетінің qazaquni.kz интернет сайты қазақ тілінің, қазақ мәдени мұрасының сонымен қатар, барша түркітілдес мемлекеттер мен ұлттардың мүдделерін және ортақ құндылықтарын қорғау жолында, ұтымды ұсыныстарын ортаға қойған өткені рухани байлыққа толы басылым.

«Қазақ үні» газеті мен сайты Әзербайжанның үнін қазақ қоғамына жеткізу мінберіне айналды. Сіз көркем өнердің кереметін және журналистиканың адалдық қағидасын бір арнаға келтірген қазақ зиялысының бірісіз.

Сізді құттықтаймын, сәттілік тілеймін!

Бауырлас Қазақстанның мемлекеттің туы мен Сіздің жазу байрағыңыз биіктерден желбіресін!

Сәлеммен-құрметпен,

Әкбәр ҚОШАЛЫ

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты