Сәбит ДОСАНОВ: «ҚАЗАҚ ҮНІНІҢ» ТОЙЫ – ХАЛЫҚТЫҢ ТОЙЫ
2020 ж. 11 тамыз
2321
0
«Қазақ үні» газетінің өмірге келгеніне жиырма жыл! Қаншама БАҚ-ның арасында, үлкен ағыстың ішінде сүңгуір қайық сияқты өзіне жол тауып келе жатқаны көңіл қуантады.
«Әр газеттің өзінің бет-бейнесі болуы керек» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, «Қазақ үні» өзінің бет-бейнесі мен қолтаңбасын қалыптастырған басылым. Газеттің макетінен бастап ішкі мазмұнына дейін халықтың жүрегінен орын алғаны зор жетістік деп білемін.
Жиырма жылда жігіттің жасына жетті, белін бекем буды. Кезі келсе, ешкімнің де атақ-дәрежесіне қарамай, сын садағына алатын еліміздегі бірден-бір тәуелсіз басылым өзінің өткірлігімен көптің көңілінен шығып жүр.
«Қазақ үнінің» тойы – қалың оқырманның тойы, халықтың тойы. Ұлттық мүддені қорғау жолында еселі еңбек етіп келе жатқан, белгілі ақын Қазыбек Иса бастаған ұжымды Ұлы Абай тойымен қатар келген «Қазақ үні» газетінің 20 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтаймын! Басылымның беделі күн санап артып, Егемен елімізбен бірге жасай берсін!
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Шолохов атындағы Халықаралық сыйлығының иегері
qazaquni.kz