Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесіне тағы бір атаулы дата қосылды. Үкімет қаулысымен тамыздың 10-ы «Абай күні» деп бекітілді.
Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі Үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ
ҮКІМЕТІНІҢ
ҚАУЛЫСЫ
20___ жылғы __________
Нұр-Сұлтан,
Үкімет Үйі
от «___» ___________ 20___ года
№ ____________________
№ ____________________
№ 495
04.08.2020 жылғы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин