ЖЕЛТОҚСАН ЖЫРШЫСЫ ӨМІРДЕН ӨТТІ...

Күнде есітіп, көңіліміз зәрезап болған суық хабар тағы да! Желтоқсан жыршысы, ұлтшыл режиссер Қалдыбай Әбен де өмірден озды!... Қалдыбай Әбен Ұлттық мүддемізді қорғап, теңдік сұрап, тепсініп 1986 жылы әлемге әйгілі Желтоқсанда Ақиқат алаңына шыққан, мұз үстіне жүрек алауларын жаққан мұзбалақ қазақ жастарының күресін "Аллажар" фильмінде ашық көрсетті! Өмірінің соңғы жылдары арбада отырып-ақ, аттылыдан артық Әділет үшін күресті. Алды пейіш, арты кеніш болғай! Алла алдынан жарылқасын! Иманы саламат болсын! АЛЛАЖАР БОЛСЫН! Қазыбек ИСА, Қазақ үні