Әйгілі сазгер Кеңес Дүйсекеев қайтыс болды

Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері Кеңес Дүйсекеев өмірден өтті. Кеңес Дүйсекеұлы Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» , «Құрмет» ордендерімен марапатталған. Қазақ музыка өнерінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген атақты композитордың шығармалары, әндері мен әуендері туған халқының жадында, жұртының жүрегінде мәңгі сақталатыны ақиқат. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Пейіште нұры шалқысын. "Қазақ үні" ұжымы