"Өмірдің әр сәтіне риза болатын": Рәбиға Сыздық дүниеден өтті
2020 ж. 05 шілде
1746
0
Қазақ тіл білімінің абыз анасы, Абайды зерттеу арқылы тұлға тілін зерттеуді, әдебиеттің көркемдігін тілінен іздеуді, мәтіндегі көне сөзге үңілуді, жазуды емлеге бағындыруды, қолжазбадан тіл тарихын тануды қазақ тіл білімінде алғаш көрсеткен тілші-ғалым, академик Рабиға апай Сыздық дүниеден өтті.
Ғасырды, дәуірді өзімен бірге ала кетті.
90-нан асса да оқу мен жазудан жалықпай өткен осы жанның ерекше болмысына қасында жүрген қызметтестері де, алыста жүрген әр қазақ тамсанбай жүре алмайтын нағыз ғалым еді.
Айналасына деген ерекше ілтипат, қолының қалт ететіні сирек болатын қажырлы іздемпаздық, ғылымға деген періштелік (тазалықтан басқа), білімқорлық (білімпаздықтан басқа) дегендер Р.Сыздықтың бойында еді.
Өмірдің әр сәтіне риза болатын имандылығы, ой саулығы мен адамсүйгіштігі айналасына шуақ болып шашылатын абыз жан, үлгі болған қалпында міне, өмірден өтті. Жаныңыз жаннатта болсын!
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты