Сандық ақпараттық ресурстар кітапханаларды дамыту трендтерінің бірі

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы Н. Гоголь Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сандық ақпараттық ресурстар кітапханаларды дамыту трендтерінің бірі: Қарағанды облысы кітапханаларының тәжірибесінен» атты онлайн практикалық семинар өткізді. Семинар бағдарламасында Қарағанды облысы кітапханаларының тәжірибесінен аймақтық ақпараттық ресурстарды қолдану, өлке тарихын құрудағы әлеуметтік-мәдени интернет жобалары мен балалар кітапханасының онлайн режимдегі жаңа қызмет үлгісін және желі кеңістігінде сапалы өкілдік ету үшін кітапхананың сайты мен әлеуметтік желілері мен ақпараттық ресурстарын пайдаланудың креативті мүмкіндіктерді қарастырылды. Қатысушылар: Мұңалбаева Үмітхан, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Жұмакенов Еркебұлан, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, Аманжолва Дина, Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, Пак Валентина, Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстанның Ұлттық және облыстық, аудандық, ауылдық кітапханаларының басшылары мен кітапханашылары, Қарағанды ОӘҒК, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының, Балқаш және Жезқазған қалаларының ОКЖ, Қарағанды облысы қалалалық және аудандық ОКЖ өкілдері. Семинар ZOOM.us. платформасында өтеді және Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының Facebook парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.