Латын әрпіне көшу жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз

10
1273

Қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия              құрамыз – ҚР Президенті

АЛМАТЫ. 10 қаңтар. BAQ.kz – Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматыдағы резиденциясында әдебиет және өнер қайраткерлеріне президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырды. Осы жиында Мемлекет басшысы келешекте қазақ тілін латын алфавитіне көшіру отандық мәдениетті дамытуға орасан септігін тигізетінін атап өтті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

– Бұл үдеріс жақсы дайындықпен және ойластырылып жүргізілуі қажет. Осы орайда, XX ғасырда кириллица негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұралардың ауқымды қоры әзірленгенін есте сақтағанымыз жөн. Ең маңыздысы, қазақстандықтардың болашақ ұрпағына арналған халықтың осынау қазынасы жоғалып кеткен жоқ. Біз қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті бұл жаңарулар біздің шетелдік серіктестеріміздің назарын аударып отырғанына тоқталып өтті.

– Кейбіреулер бұдан Қазақстанның геосаяси артықшылығының өзгеру «айғағын» көргендей болғаны мүлде негізсіз. Оған еш негіз жоқ. Бұл туралы мынаны айта аламын. Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік. Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеудің қажеті жоқ, оның үстіне, ол онда ешқашан болмаған. 20-40-шы жылдары латын әрпі қолданылғанын еске салып өтпекпін. Бұрынғы КСРО-ның одақтас он бес республикалары ішінен одақтың тарауына дейін үшеуінде ұлттық тіл латын тілі болып келген. Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қатысуына келсек – бұл біздің принципті таңдауымыз. Біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз деп есептеймін, экономикалық интеграция бүкіл әлемнің міндеті болып саналады. Біздің дамып келе жатқан экономикамыз жаңа нарықты талап етеді, сондықтан біз саяси емес, экономикалық интеграцияға қадам басып келеміз. Елдің саяси егемендігі мәселесі талқыланбайды, – деді Мемлекет басшысы.

BAQ.KZ

10 ПІКІРЛЕР

  1. Латын әріпіне көшеміз деп Ана тіліміздің қадірін жоғалтып алмаймыз ба?
    Ана тілі –біздің туған анамыз!
    Анамыздай сыйлап,бағып –қағамыз.
    Ана тілін бағаласақ қалай біз
    Озіміздің сондай болмақ бағамыз.
    Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі. Ол өзінің сан ғасырлық дамуы барсында рулық тіл дәуірінде, тайпалық тіл дәуірінде,халықтық тіл дәуірінде басынан кешірді.
    Қазақ тілі-өркендеген мәдинеттің тілі,ғылыми тіл,көсемсөздік тіл,стиль жағынан мейлінше байыған ,грамматикалық құрлысы барынша дамыған қасиетті тіл.
    Тіземнен сүріндірсең сүріндір
    Тілімнен сүріндірме-деп ата-бабаларымыз тіл үшін жаны пида екендігін тілі жанынанда қымбат екендігін көрсетеді.Ал қазіргі таңда ана тілдің қадірін жоғалтып алған жоқпызба?Ана тіліміздің көз алдымызда құлдырап бара жатқанын көрсек те үндемейтін күй кештік.бұған дәлел сұрасаңыздар мен айтайын қазақ әріптеріміз (Қ-әріпі көз алдымызда к әріпі болып ұ,ү,ө,әріптеріміз де у, о болып оқылып жүргенін көзбен көріпте жүрміз).
    Бесіктен белі шықпаған балаға заман талабына сай боламыз деп шет тілінде үйретіп жатырмыз. Өз ана тілін толық меңгере алмаған жас ұрпақтан не күтеміз?
    Ал енді латын әріпіне көшеміз деген ой қай адамды болмасын ойландырады.Ата-бабаларымыз отан үшін өзінің ана тілі үшін,кейінгі жас ұрпақ тәуелсіз ел болсын деп күресті. Енді біз тәуелсіз ел болдық, өз ана тілімізді өзге ұлттарға үйретіп тілімізді дамытамыз дегенде Латын әріпіне көшеміз деген ой күндіз күлкі, кешке ұйқы бермейтін болды.
    Қазақстан Республикасының ана-қазақ тілі болып табылады.Сол ана тілімізді білмейтін,тіпті дүбәра болып сөйлейтін бауырларымыздың саны қаншама десеңізші. . . .(балабақша,мектеп,дүкендер, қызмет орындары,қоғамдық көліктерде) кейбір қара көздеріміздің орысша сөйлеп тұрғанын көргенде кеудеңдегі жүрек қан жылайды.
    Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте деп жырласа Ал қазіргі таңда тілімізді құрметтеп емес, тамырына балта шауып жатқандаймыз. ..
    Өткірдің жүзі,кестенің бізі өрнегін сендей сала алмас деп ұлы ақын Абай атамыз сияқты данышпандарымыз туған ана тіліміздің құдіретіне анасындай табынып , құрметтеп, қадірлеп жатқанда қазіргі ұрпақ қадіріне жетпей қалғандай ма?деген ой келеді… Іш қазандай қайнайды. Көшіміз алға жылжып ілгерілеп жатқаны рас. Оған да шүкір! Бірақ мәңгі өлмейтін асыл қазына тіл тақырыбына келгенде «Баяғы жартастың сол жартас »екендігін көріп қынжыламыз.
    Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жүректен шыққан ашу ызадан туған өлең жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім.
    Айыра алмай ақ немесе қарасын,
    Тануданда қалдық қазақ баласын.
    Өзің емес,өзге тілді ұран ғып
    Қайран қазақ қайда кетіп барасың???????????

  2. Мен Өзбекстаннан келген, орысыңды ұрып қойған қазақпын.
    Мені сынағанша, қатесіз жазуды үйрен. Latyn grafikasyn sag’an
    u’qsag’andarg’a үйретіп қоюға шамам жетеді !

  3. Нүрке прикрасынаңа қарағанда сен де орыстан ажырамай қолтығына тығылып жүре бергенді қалайтын сияқтысың.Бүитіп жүре берсек, орыстар түптің-түбінде бізді табын-табынға бөліп бйлеп әкететінін сен түсінбейтін сияқтысың.Қазақта у ішсең руыңмен деген сөз бар доңыз бен дос болғанша,рулы Төркі қалқымен бірге болғаның мың есе артық екенін үмыт па! Ұлы Ұс-Алаш.

  4. Латын графикасына көшсек, Қазақстанда Түркияның, Өзбекстанның һәм Түрікпенстанның қазағы
    қаптап кетеді. Олар латын графикасын оқи алады. Аққұлақтың алдында мүләйімсіп, жалтақтап
    тұрмайтын еркін қазақ мәңгүрт – көзқаман билік үшін қауіпті контингент, бұл бір, екінші – көзқа –
    ман биліктің тірегі аққұлақтар көшіп кетсе, өздерінің қоңыз теріп, үрім – бұтақтарының қаңғырып
    кететіндерін олар ПРЕКРАСНО БІЛІП ОТЫР !

  5. Латын қарыпіне көшуді талай жыл бұрын жасау керек еді. Оны тоқсаныншы жылдардың ішінде академик Әбдіуәли Хайдар ағаларымыз бастаған еді. Сол кезде Елбасы «Ғалымдарымыз бұл мәселені әбдан зерттеп, зерделесін. Содан кейін ойланайық» деген еді. Сол кезде кейбір таязойлы ағаларымыз кириллицадан кетсек құрыймыз. Кітабымызды ешкім оқый аламай қалады деп байбалам салған болатын. Міне соның қырсығынан мемлекеттік тіліміздің әлі күнге дейін дамымай жатқан басты себептерінің бірі. Неге десеңіз латыншаны бізге ешкім оқытпаса да СМС (SMS) жазуда пайдаланып жүргенімізді кім жоққа шығара алады. Ал латыншаға баяғыда көшкенімізде, олсызда тәуелсіз ел болғанымызды жақтырмай жүрген көптеген шовенистер өздері/ақ біздің елімізден кетер еді. Тіліміздің дамыуына кедергі болып, қарсылық танытып жүргендер солар екенін түсінген жөн. Латын қарыпіне көшкен елдерге қараңдаршы оларда тіл туралы проблема жоқ. Мемлекеттік тілді дамытудың жолы мынада: 1- ұлттың саны көп болғанда, 2- балабақшадан бастап мектеп пен оқу орындарында мемлекеттік тілден мемлекеттік емтихан тапсырса оны тамамдаған жас маман мемлекеттік тілде бұлбұлдай сайрап кетер еді. 3- Шетелде жүрген ағайындар елге оралып, жергілікті елмен емін/еркін араласып шетелде алған білімін ел игілігіне пайдаланар еді. Ал, мемлекеттік тілді еркін меңгерген адамдар мемлекеттік қызметте жоғарғы лауазымдар атқарса, ол ұлттық мүддені бәрінен жоғары қояры сөзсіз және басқаларға тәуелді болып жүрмес еді.

  6. Ұлт болып ұйысып алмай тұрып, әліпбиге байланысты тәжірибелер жүргізу, жақсылыққа апармайды. Біздің алдымызда тұрған ең басты мақсат: ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТІН құру. Осыны іске асырайықшы, қалғаны алты секундта іске асатын тірліктер…

  7. – Бұрынғы КСРО – ның одақтас он бес республикалары ішінен одақтың тарауына
    дейін үшеуінде ұлттық тіл латын тілі болып келген.
    ****************************************************************************************************
    Әлдеқашан өліп қалған латын тілі қалай үш республикаға (латыш, литва, эстон) ұлттық тіл бола
    алады ? Осы үш республика латын графикасын қолданды десе бір жөн. Президентің осындай
    «сауатты» болса, басқа шөпкетышарлары туралы гәп жоқ екендігін өз қара басым түсіндім !

  8. Қазақ тілін латын әрпіне көшіру жөнінде мемлекеттік комиссия құрамыз – ҚР Президенті. Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз