Орфографиялық жұмыс тобы онлайн дәрісті жалғастырады
2020 ж. 04 мамыр
1599
0
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында қолға алынған «ЖАҢА ӘЛІПБИ НЕГІЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖАЗУДЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» тақырыбында 2020 жылдың 4-6 мамыр аралығында онлайн курстарды жалғастырады, - деп хабарлайды "Қазақ үні".
Дәрісті ҚР Үкіметі жанындағы «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру» жөніндегі Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобы ғалымдары оқиды.
Онлайн дәріске еліміздің барлық өңіріндегі Тіл басқармалары мен оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері, оқытушылары, сонымен қатар жоғары оқу орындарының (Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, Астана медицина университеті және т.б.) филологтары, магистранттары мен докторанттары қатысады. Онлайын дәрістер 6 сәуірге дейін жалғасады.
Онлайн дәрістің мақсаты – латынәліпбиi негізіндегі қазақ жазуы, жазу ықшамдылығы, жазу мен ауызекі тілдің бір-біріне әсері және қазақ орфоэпиясының кейбір мәселелері туралы қоғамға кең көлемде ақпарат беру.
Онлайн дәрісті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары Б.Момынова, Ж.Жұмабаева, Н.Әміржанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ж.Жақыпов, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері Н.Рсалиева оқиды.
Дәріс тікелей эфирде фейсбук желісіндегі ONLINE-da bol парақшасында да көрсетіледі.