«АЛТЫН ДОМБЫРА» МҰХТАР НИЯЗОВҚА БҰЙЫРДЫ

1
1379

Жақында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат ми­нистрлігінің тікелей бастамасымен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ Астананың Конгрес холл сарайында «Біздің ел осындай!» атты респуб­ликалық ақындар айтысын өткізді.

Айтысқа Қызылорда және Өскемен қалаларында өткен алғашқы және екін­ші айналымдарында топ жарған айтыс­керлер ғана қатысты. Екінші ерек­ше­лік – осы айтыста жеңімпаз атанған айтыскер «Алтын домбырамен» мара­пат­талды. «Алтын домбыра» Қазақ­с­тан Республикасы Ұлттық банкі­нің 999 про­балы 1 килограмм алтынмен аптал­ды.
Бұл айтысқа халыққа кеңінен таны­мал Балғынбек Имашев, Сара Тоқта­мысова, Жандарбек Бұлғақов, Әсем Ережеқызы, Мейірбек Сұлтанхан және Мұхтар Ниязовтар қатысты. Жұп­­тар жеребе тастау арқылы анықта­лып, ақтық сынға көп ұпай жинаған Мейірбек Сұлтанхан және Мұхтар Ния­зов шықты.
Айтысқа төрелік жасаған халық ақын­дары Әселхан Қалыбекова, Әсия Беркенова, айтыскер ақын Есенқұл Жақыпбеков, ақын Ақұштап Бақтыге­реева және Қазақстанның еңбек сі­ңір­ген қайраткері, ақын, публицист Жүр­сін Ерман Мұхтар Ниязовты жеңімпаз деп тапты.
Жеңімпаз Мұхтар Ниязовқа бас жүлде «Алтын домбырамен» қатар 3000000 теңге ақшалай сый­лық берілсе, екінші орын алған Мейірбек Сұлтан­ханға 1500000 теңге табысталды. Жан­дарбек Бұлғақов 1000000 теңге ақшалай сый­лықпен үшінші орынды иеленді. Қал­ған үш айтыскер 750000 теңге ын­таландыру сыйлығына ие болды.
Атап өтетін негізгі жайт, жеңімпаз ақын «Алтын домбыраны» иелену үшін бұдан кейін өтетін республикалық айтыс­ты екі рет жеңіп шығуы қажет.

1 Пікір

  1. Muhtar Niazov siz magan renjimeniz da, siz keremet aitisker akinsiz birak, tim wekten tis maktanwaksiz. Oni ozinizdin sozinizden baikauga boladi. Korealmauwilik kazaktin kaninda bar narse bilem, birak sizderge awik korsetken kisinsiz emes pe?…..

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз