Ақын бала жайлы аңыз

Осы Жамбыл Дүйсенов деген ақын бала жайлы аңыз Жамбыл Жабаевтан да күшті болып кеткен сыңайлы. Ж. Жабаевты білмейтін халық қазір Ж. Дүйсеновты таниды. Қызық, сол баланы әліден-ақ  «жұлдыз» ауруына ұшыратыптық. Ия, тақпақтары нормальный, өз жасына сай болатын да сияқты, бірақ әлдебір түзеулер мен күзеулер де болуы мүмкін айналасында, әйтпесе, жас бала олпы-солпы, қыңыр-қисық жазушы еді, әрі сонысымен де шынайы көрінуші еді. Айтпағым ол емес, сол баланы телеарналардан көрген сайын аяп кетем, басында өзім де ақын бала шықты деп мақтап, жазуға тиіс тапсырма болғасын жазып едік газетке, бірақ одан бері әлденеше рет кеш өткізіп үлгерді... Қазір балаға балаға тән емес кеуде біткен: өзінің тым ерекше жаратылған талант иесі екеніне сенгені соншалық, жасанды мінезбен, ырғақпен, әуезбен сөйлейді. «Менің Президентім» деп бастайды әңгімесін. Баланың кінәсі жоқ қой, тек айналасындағы бір топ өлермен, баланың әке-шешесі жұлдыз қылуға тырысып, оны әбден ауыртып тастапты. Ертеңі не боларын кім білсін, бір білерім ақын бола қоймас, бірақ актер болуы бек мүмкін...
Тоқтаралы Таңжарық,http://www.facebook.com жеке парақшасынан