«СҰлтан СҮлеймен»

          Сүлеймен сұлтан мен оның Роксалана атты ғашығы жөнінде көптеген кітаптар жазылып, бірнеше фильмдер түсірілді. «Сұлтан Сүлеймен» сериалы да соның бір нұсқасы. Ислам заңдары бойынша, сұлтан төрт заңды неке және жесір әйелдер мен тағы бірнеше қызды иеленуге құқылы. Бірақ мұрагерлікке тек бірінші әйелден туған балалар ғана қалдырылады. Алайда тұтқынға түскен украиналық Роксалана түрлі қиыншылықтарға қарамай сұлтанның әйелі атанады.  Ислам дінін қабылдап, Хюррем аттанады және тағы да басқа жетістіктерге ие бола біледі. Түпнұсқадағы атауы: Muhtesem Yüzyil Жанры: тарихи драма Мемлекеті: Түркия 2011 Режиссёрі: Тайлан Бирадерлер Продюсері: Tимур Саваджи Сценарийін жазған: Мераль Окай Операторы: Aйдын Сариоғлы Композиторы: Айтекин Фахир Атакоглу Суретшісі: Ерай Бинтас Рөлдерде: Мерьем Узерли, Халит Эргенч, Окан Ялыбык, Небахат Чехре, Сельма Эргеч, Филиз Ахмет, Селим Байрактар Халит Эргенч (Сүлейман) «Сулейман Великолепный» сериалындағы басты рөлді танымал актер Халит Эргенч сомдайды. 41жастағы Халиттің 1 баласы бар. Алғаш шығармашылық жолын 1996 жылы бастаған. Өзінің кәсіби музыкалық білімінің нәтежиесінде «Нью-Йорк», « Призрак», «Любит меня» мюзиклдарындағы рөлі арқылы көрермен есінде қала білді. Оның таланты теледидар режиссерлерін де таңқалдырды, нәтижесінде «Золотая бабочка» блокбастерінде және «Тысяча и одна ночь» киносериалындағы басты рөлдерді ұсынылды. Халит Эргенчтің терең ойлы көк көздері, өзіне деген сенімділігі мен ақылдылығы әлемнің кез-келген бұрышындағы әйелдердің есінде. Мeрьем Узэрли (Хюррем) Мерьем Узерли 1983 жылы 12 тамызда Германияның Кассель қаласында туған. Анасы неміс, әкесі түрік. Мерьем отбасында төртінші бала. Екі ағасы мен әпкесі бар. Бірнеше неміс фильмдеріне түскен. Гамбургтегі «Schauspielstudio Frese» оқу орнын бітірген. Кейіннен театрда да жұмыс істеген. Франкфуртте түсірілген біраз фильмдердің дубляжын да жасады. Талантының арқасында «Сулейман Великолепный» сериалындағы Хюррем-Александра рөліне мыңдаған қыздардың ішінен таңдалып алынды. Алғашында түрік тілін жетік білмейтіндігі үшін ол рөлден бас тартқан, бірақ кейіннен келісімін берген. Киносыншылар М.Узэрлиді мінезді, мықты актриса деп бағалайды. «Өмірім қанша қиындаған сайын, соншалықты жұмыс жасаймын. Өмірімде жасаған ең батыл қадамым – Түркияға келуім» дейді ол бір сұхбатында. Нур Феттахоглу (Махидевран Сұлтан) 1980 жылы 12 қарашада Германияның Дуйсбург қаласында туған. Синана мен Фатма Феттахоглу отбасындағы бесінші бала. Бешикташтағы үлкен мектепті, артынша Халич Университетінің «Киім дизайны» факультетінде оқыған. Банкте жұмыс істеп жүріп, «Скай Тюрк» каналынан қаржы айналымы туралы бағдарлама жүргізген. «Запретная любовь» сериалындағы Пейкер рөлі арқылы танымалдылыққа ие болды. Бірнеше кино жүлделерді алған «Долина волков: Палестина» және «Кассир» киноларындағы рөлдері де сәтті шықты. Актриса «Сулейман Великолепный» сериалындағы Махидевран Сұлтан рөлін де жұрт жылы қабылдайды деген сенімде. Окан Ялабык (Ибрахим) 1978 жылы желтоқсанның 13-інде Стамбұл қаласында туған. 16 жасынан бастап театр сахнасында өнер көрсеткен. 1997 жылы Стамбұл Мемлекеттік университетін актер мамандығы бойынша бітірген. «Байрак» қойылымындағы жақсы рөлі үшін 2002 жылы алғаш рет киноға түсуге ұсыныс алған. «Гюлюм» киносындағы алғашқы дебюті жақсы шығып, «Сулейман Великолепный» сериалындағы Ибрахим рөліне шақырылған. Түскен фильмдері: 2005 – «Сізге не керек?» 2005 – «Сенсіз жұмыс істемеймін» 2009 – «Күзгі сыз» 2009 – «Аулау маусымы» 2011 – «Келелі ғасыр» Небахат Чехре (Валидэ Сұлтан) 1944 жылы 15 наурызда туған. Жұлдызы – балықтар. Бойы 166 см. Түркияның Самсун қаласында туған. «Сулейман Великолепный» киносериалында Сүлейменнің анасы Валидэ Сұлтан рөліндегі Небахат Чехре шын мәнінде Түркиядағы ең әдемі әйелдердің бірі. Себебі ол жас кезінде-ақ «Түркия аруы» атағын жеңіп алған. Ең алғашқы шығармашылық жолын фотомодель кәсібімен бастады. Өз мақсаттарына жетуден тайынбайтын Небахат Чехре 1962 жылы алғаш рет фильмге түсуге ұсыныс алды. Бірінші дебюті ойдағыдай шығып, кино әлемдегі жұмысы басталды. Барлығын қосқанда 83 фильмге түсті. 1967 жылы Йылмаз Гюнейге тұрмысқа шығып, біраз уақыт кинодан бас тартуына тура келді. Алайда, Йылмаздан ажырасып, киноға қайта оралды. Көп ұзамай екінші рет тұрмысқа шықты. Бірақ тағы ажырасып кетті. Орхан Чехre, Tayyaр Йылдыз атты екі інісі бар. Небахат өз сұхбатында: «Анам 3 рет тұрмысқа шыққан. Әркез жаңа әкені қабылдау қиынға соқты. Әсіресе өз әкемнің қазасы ауыр тиді. Сондықтан болар, өте ұялшақ, жасық болып өстім» – дейді. Дайындаған Айдана АЛАМАН