КИНОФЕСТИВАЛЬДЕР

    Кино өнері өзінің  қалыптасу тарихында әр­түр- ­лі сатылардан өтіп, әлі күнге дейін түрлі көркемдік ізденістер мен техникалық эксперименттер нәтижесінде бір сәтке дамуын тоқтатқан емес. Осы кино өнерінің белгілі бір кезеңдегі табысы мен даму бағытын айқындау, кинематографтардың байланысын нығайту, өзара тәжірбие алмасу мақсатында кинофестивальдер ұйымдастырыла бастады. Кино өнерінің дамуы кинофестивальдермен тығыз байланысты. Ки­­но­фестивальдің түбірі Еуропадан бас­- тау алған. Қазіргі уақытта әлемде 800-ден аса кинобайқау өтеді.

 Халықаралық саяси бастамалармен кез келген ел өз мемлекеті мен халқын дүниежүзіне таныстыру үшін түрлі жобаларды қолға алып жатады. Бұл үрдісті тә­уел­сіздік алған тұстан бері Қазақстан да жүзеге асырып келеді. Соның бірі – Отандық кинофестивальдер. Бүгінгі күні кинофестиваль жәй ғана кино мейрамы емес өндірістік жүйеге ай­нал­ған белгілі бір феномен ретінде қалыптасты. Мәдени саясат, бизнес, экономика тұрғысынан кинофес­ти­вальдің атқаратын рөлі ерекше. Біріншіден, отандық кинофестивальдер, мәдени саясат тұрғысынан алғанда отандық кинотуындыларды әлемдік аренаға шығару арқылы өз мем­лекеті­міздің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асырудың бірден бір жолы. Яғни, елімізді жалпыәлемдік кеңістікте дұрыс дәрежеде таныту. Екіншіден, фильмдердің әлемдік кинофестивальдерге қатысуына жол ашып, әлемдік даму тенденциясына шығарады. Үшін­шіден, кинобизнесінің дамуына және кинофестиваль демеушілерінің өнім­дерін жарнамалауға жол ашады. Төр­тіншіден, еліміздің экономикасының өркендеуіне себепкер. Тәуелсіздік ал­ғаннан бері Қазақстанда анимация жанрында екеу, экшн жанрында біреу, бір кинобайқау, алты көп жанрлы кинофестиваль ұйымдастырылған. Яғни, бұл қазақ кинематографиясының осы уақытқа дейін белгілі бір дәрежеге кө­терілгендігін түсіндіреді. Олардың ішінде беделдісі «Еуразия» кинофестивалі болып саналады. Халықаралық продюссерлер ассоциасиясына тіркеліп, аймақты жаулап алушылар қа­тарындағы 26 фестивальдердің ішінен табылады. Халықаралық «Шәкен жұл­дыздары» кинофестивалі жас маман­дардың шетелдік аренаға шығуына жол ашатын іс-шараның бірі. «Бастау» кинофестивалі халықтардың этномә­дениетіне уақыттар арасын байла­ныстырушы ретінде басты назар аударатын фильмдерге көңіл бөледі. Бұған дейін Қазақстан және Орта Азия елдерінде «этномәдениет фильмі» түсінігі және осы бағытты басты ұс­таным ретінде алған бірде-бір кинофестиваль болмаған. Қазақ киносы­ның өркендеуіне үлес қосып отырған фестивальдің бірі «DIDAR» Республи­калық жастар кинофестивалі. Қа­зақстанның түкпір-түкпірінен қаты­сатын жас мамандардың тәжірбие жинақтап, киноға деген қызығу­шылығын оятатын фестивальдің бірі. 1999 жылы ұйымдастырылып қазіргі уақытта жұмысын тоқтатқан «Жаңа көзқарас» кинофестивалі өз уақытын­да қазақстанда кино өнерінің бар екендігін білдірді. Себебі бұл жылдары отан­дық фильмдер саусақпен санар­лықтай ғана түсірілген болатын. Әлемде әр түрлі бағытта кинофестивальдер ұйымдастырылады. Олар­дың ішінде экология тақырыбында, тек махаббат көрінісі көрсетілген та­қы­рыпта, бір минут ішінде мағыналы оқиғаны түсіндіретін тағы басқа та­қырыптағы фестивальдер бар. Тіпті, қа­зіргі ақпарат заманында интернет арқылы ұйымдастырылған фестивальдер де бар. Соның бірі Ресейде өткі­зілетін «Дубль два@» кинофестивалі. Мақсаты, көрермендерге үлкен эк­ран­ға шыға алмаған фильмдермен таныс­тыру. Ал Қазақстанда 2008жылы «Мо­бильный взгляд» кинофестивалі ұйым­дастырылған болатын. Фести­вальдің мақсаты кез-келген адамға қол жетімді ұялы телефон арқылы киноны насихаттау. Өз ойларын телефон ка­мерасы арқылы жеткізіп көрер­мендер­дің киноөнеріне қызығушылығын арт­тыру. Алайда, фестивальдің алдыға қойып отырған мақсаты дұрыс бол­ғанымен, кино саласын өнер ретінде бағалаудан алшақтатады. Себебі, синтездік өнер өзінің кино тілін жоғалтып өнер ұғымын жоғалтпағаны дұрыс. Сонымен қатар елімізде анимация фильмдер фестивальі «Алтын Жебе» және «Ер Төстік» өткізіліп тұрады. Суретке жан бітіру арқылы жаса­лынған туындылар киноның екінші түрі болып есептеледі. Бұл фестивальдер еліміздегі анимация саласын да­мыту мақсатында ұйымдастырылып келеді. Ал «Астан-экшн» кинофес­ти­валінің негізгі мақсаты үздік атыс-ша­быс бағытындағы сценарилерді анық­тау. Бұл комерциялық бағыттағы фестиваль. Себебі конкурсқа қатысқан сценарилердің идеясын тегін түрде ала алады. Қазақстан жас мемлекет бол­ғандықтан саясатымызды жүзеге асы­рып, әлемдік бәсекеге түсуде, мемлекетіміз үшін кинофестивальдердің саны көп болғандығы артық болмайды. Ең маңыздысы қазақ киноөнерін өр­кендеуіне жұмыс жасағаны дұрыс.

Тәуелсіз Қазақ­стан кинофестивальдері: 1. ХКФ «Еуразия», 1998 жыл. 2. «Жаңа көзқарас» кинофестивалі, 1999 жыл. 3. ХКФ «Шәкен жұлдыз­да­ры», 2003 жыл. 4. «Дидар» Республикалық жастар кинофестивалі, 2006 жыл. 5. «Құлагер» Қазақстан Ұлттық кинематография кино­бай­қауы, 2007 жыл. 6. «Мо­бильный взгляд» кинофестивалі, 2008 жыл. 7. « Алтын Жебе» анимация фильмдер фестивалі, 2008 жыл. 8. «Астана экшн» кинофестивалі, 2010 жыл. 9. «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдердің халықаралық кинофестивалі 2011 жыл. 10. «Ер төстік» анимация фильмдер фестивалі 2011 жыл.

 Венециялық фестиваль тарихтағы ең көне фестиваль болса, «А» класстық ең абройлы кинофестиваль Франция еліндегі Канн қаласының Корниш деген аумағындағы өтетін Канн кинофестиваль болып табылады. Бұл фестивальді құру идеясы Венеция кинофестивалінде Лени Рифенштальдің «Олимпия» фильмі мен Муссолиннің ұлы түсірген «Пилот Лучано Серра» лентасының жеңісінен кейін келген болатын. Ол ең алғаш рет 1939 жылдың күзінде, толығырақ бірінші қыркүйекте өткізілмек болғанымен, араға жеті жыл салып 1946 жылдың 20 қыркүйегінен – 5 қазан аралығында өткізілді. Себебі, фестивальдің ашылатын күні Екінші Дүниежүзілік соғысы басталып кетті. Фестивальдің жоспары толық дайындалып, қазылар алқасының төрағасы болып кинематографияның негізін салған Луи Люмьер тағайындалды.

Еуропа түбірінен пайда болған алғашқы Венеция кинофестивальіне тоқталсақ, әлем бойынша ең көнесі болып есептелінеді. Себебі, оның ең алғашқы ұйымдастырылуы 1932 жылы болды. Фестивальдің негізін қалаушы италияндық диктатор, фашистік партияның лидері Бенито Муссолин. Оның саясаты кино арқылы фашистік идеологияны әлемдік пропоганда жасау болатын. Венециялық фестиваль 1934 жылдан бастап Лидо аралында өтті. Италяндықтардың өздері Мострой (аудармасы «көрсетілім, демонстрация») деп атайды. Күз айының басында Лидо жағалауында, Венецияның көркем архитектурасымен салынған «Эксельсиор» қонақ үйінің алдында ұйымдастырылған.

 Келесі мәртебелі әлемдік кинофестивальдердің бірі 1951 жылы ұйымдастырылған Берлин кинофестивалі. Фестивальдің басқа да ірі кинофестивальдерден бір ерекшелігі, бүкіл әлемнен 500-ге жуық жас киногерлерді жинайтын «Talent Campus» деп аталатын жобасы.

Еңлік БАҚЫТҚЫЗЫ