КАССАДА БИЛЕТ ЖОҚ... ЗАЛДА БОС ОРЫН КӨП...

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық дра- ма театры – қазақ өнерінің қара шаңырағы. Мәдениет ордасына көпшілік көрермен демалып, рухани ләззат алу үшін жан жақтан келіп жа- тады. Адами капитал- ды нығайтудың басты өзегі – адамның ру- хани сұраныстарын қанағаттандыру болып табылатыны ақиқат. Осы орайда жалпы рухани қоректің өзі «хас сұлудың көз жа- сындай мөлдір өнер» (Ғ.Мүсірепов) – те- атрдан бастау ала- тындай көрінеді. Бірақ, театр көрермен көңілін қаншалықты қанағаттандырып жүр? Театрға ат ізін сала қалсаң кассадан билет табылмай- ды. Демек, театрсүйер қауым көп, аншлаг екен ғой деп қаласың. Бірақ шындық олай емес. Мен театрға адам аз ба- рады деген ойдан аулақпын. Халық келмейді емес, келеді. Әсіресе жастар бос орын- дарды толтырады. Олардың ішінде өз ниетімен өнерді бағалап келіп жатқандары да, амалсызда біреудің айда- уымен (оқу орындарынан) қиналып келіп отырғандары да бар. Ал кассадағы билеттерді сыртта ақша жасаудың көзіне айналдырған «опыт- ный бизнесмендеріміздің» сөмкесінен табасыз. Театр билеттерін өз құнына таба алмаған соң, амал жоқ, сол кісілерден екі есе бағасына сатып аласың. Осылай- ша билет іздеп театрға кіре қалсаң, бос орындар қаншама десеңші! Осындай келеңсіздік көрерменнің көңілінен шыға қоймасы хақ. «Театр деген үлкен ме- ханизм, ол психологиялық процесс, оны күнделікті қадағалап отыру керек» деп театр сыншысы Әшірбек Сығай айтқандай, бүгінгі өркениетті, дамыған за- манда театрдың әлі күнге дейін ескі жабдықтармен тұрғандығы қынжылтады. Кез келген қойылымның сәтті шығуы оның драматургиясы- на, режиссерлық шешіміне, көркемдік ерекшелігі мен актерлық ойындарына және сахнаның спектакльге сай безендірілуіне байланысты екендігі анық. Осы орайда қазақ театрының жағдайын драматургияның жоқтығымен төмпештей беруге болмас. «Театр – диірмен, ол үздіксіз, үзіліссіз жұмыс істейді» деп драматург Дулат Иса- беков «Қазақстан өнерінің стратегиялық бағыттары мен даму перспективасы» атты форумда айтқан болатын. Үлкен механизмге айналған театр үздіксіз жұмыс жасап, өз ісін жоғары дәрежеде атқару үшін де заман талабына сай жабдықталғаны дұрыс болар еді. Спектакльді толықтырып, оның мазмұнына (оқиғасына) сай құрылған декорация көрерменнің сол қойылымнан рухани нәр алуына септігін тигізері анық. Әдебиет – дара өнер, адам- ды, табиғатты тануға апара- тын, таным мен талғамды өсіретін жол. Қазіргі спек- такльдерге қарасаң, театрдың әдебиетке тәуелді боп қалғанын түсінесің. Сахнада: өмірде мүлде қолданылмайтын сөз, аралас құрмалас, шұбалаңқы сөйлемдер, жалған дауыстар, пафос. Өмірде біз олай сөйлемейміз, өмірде он- дай дауыстар жоқ. Осыдан келіп, театр жеке-дара өнер емес, оны әдебиеттің түрі не- месе бір тармағы деп қана қабылдауымыз керек де- ген ой қалыптасатын сияқты. Сондықтан кейбір спектакль- дерде кейіпкерлер арасындағы диалогтар тым әсіреленген, сөйлегенде тілге ыңғайсыздау келетін ұйқассыз сөйлемдер актерлердің ойынына кедергі жасайтындығы анық. «Үміт үзгім келмейді» Тіс қаққан театр сын- шысы емеспін, қойылымға кәсіби баға бере алмаспын. Десе де, спектакльден алған әсерімді сіздермен бөлісуді жөн көрдім. «Үміт үзгім келмейді» Немат Келімбеттің пьессасы бой- ынша сахналанған туынды. Қоюшы режиссерлері Е. Обаев, Т. Аралбай, қоюшы- суретші Е.Тұяқов. «Үміт үзгім келмейді» туындысы өмір туралы, тіршілік туралы, адамзат тағдырындағы жақсылық пен жамандықтың мәңгілік тартысы. Ақ пен қара, мейірім мен зұлымдық, са- быр мен ақыл, қанағат пен рақым сияқты қасиеттерді алдыңғы қатарға шығарады. Жер ортасынан асып, қариялыққа бет бұрған төрт кейіпкер әрқайсысы өз шыққан биігінен бірін-бірі толықтырып, өз өмірлерін сарапқа салу арқылы адам- зат тіршілігіне баға береді. Пьеса бір қарағанда жеке қарттардың өмірі сияқты болып көрінгенімен, ой са- рабына салсақ, бүгінгі қазақ қоғамының, қазіргі нарық заманының көкейкесті мәселелерін қозғайды. Драманың бас кейіпкері, бүгінде жасы жетпісті алқымдаған Мейірбек бақыт туралы, өмірдің мәні туралы ойға шомады. «Бақытты болу бір бөлек, ал бақытты екеніңді сезіне білу екінші нәрсе, яғни екеуі екі түрлі құбылыс» депті бір данышпан. Әттең, кейбір пенделер бақытқа кенеліп жүрсе де, өздерін бақытсыз санай- ды. Драма кейіпкерлерінің өзара пікірталас, ой та- ратуларынан өзіндік дүниетанымдары, өмір ұстанымдары айқын таны- лады. Бұл – спектакльдің идеясы адамдардың бір- біріне деген сыйластығы, жақсылығы, мейірімі, ізгілігі. Ол кейіпкерлердің өмірі, өзара қарым- қатынастары арқылы ашылады. Драмада адамгершілік, имандылық мәселелері көтеріледі. Туынды авторының ұзақ жылдар бойы ежелгі дәуір әдебиетінің та- рихын зерттегендігі, жыраулық поэзияны жақсы білетіндігі, сақ дәуірінен бастап қазақ жерінде ғұмыр кешкен барлық ғұламалардың еңбектерін ой елегінен өткізгендігі аңғарылады. Қойылым ба- рысында кейіпкерлердің бірде Қорқыттың, бірде Ясауидің, бірде Шал ақынның, бірде Дулат Бабатайұлының, бірде Майлықожаның даналық сөздеріне табан тірей от- ырып өзара тілқатысулары драманың идеялық, тақырыптық мәнін көтереді. Алайда, пьессадағы ой- шыл ақын, жазушылардың керемет маржан сөздері шынайы өмірді сурет- теген бұл қойылымда тым әсірелегендей сезім қалдырды. Әдебиет пен театрдың арасындағы айырмашылықты ажыра- та алмағандай болдық. Осының бәрі кейіпкерлердің аузымен астарланып, оқиға барысы шынайы өмірден алшақтап, жалған пафосқа бет алдырғандай. Спек- такльден соңына дейін бір құпиялықты іздедік, күттік, оны режиссер қандай амал- мен жеткізеді екен деген са- уал қойылым соңына дейін болады. Бірақ көрерменді таңқалдыратындай, белгілі бір детальдар арқылы қойылым мақсатын аңғартатындай тың режиссерлық шешім көре алмадық. Сонымен қатар, декорацияның көркемдік деңгейі төмен. Оқиғаның бәрі әйтеуір бір жерде және қандай да бір мезгілде, басқаша айтқанда, кеңістік пен белгілі бір уақытта өтетіндігі белгілі. Ал спектакльде кеңістік түсініксіз. Оқиға ауруха- нада өтіп жатқан сыңайлы болғанымен, сахнада құрылған декорация үй ішін көрсеткендей. Дегенмен, қойылым д р а м а т у р г и я л ы қ шиеленіске құрылған, көрермендерді жалықтыра қоймады. Егер де жоғарыда айтылған сын- дар ескерілген болса, өз шарықтау шегіне жеткен дүние болар ма еді деген ой тұрды... Еңлік БАҚЫТҚЫЗЫ