Кітапхана оқырманымен байланысын үзген жоқ
2020 ж. 14 сәуір
1265
0
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен белгілі жазушылармен бейнежүздесулер, онлайн байқаулар және үйірмелер. Ұлттық академиялық кітапхана оқырмандарымен байланысын үзген жоқ. Мысалы, күні кеше «Мен ғарышты саламын» атты онлайн сурет байқауы мәресіне жетті. Ол Ғарышкерлер күніне арналды, деп хабарлайды Kazakh TV арнасының тілшісі.
Сондай-ақ елімізде жарияланған төтенше жағдай уақытында рухани азық мекенінің кішкентай оқырмандарының арасында «Маған ұнаған жыр...» атты поэтикалық онлайн жыр байқауы жарияланған болатын. Қорытынды кезеңде 150 ден астам қатысушы іріктелді. Үздік бейнежазбалар кітапхананың әлеуметтік желісінде жарияланып тұрады. Жалпы, карантин кезінде жеткіншектердің шығармашылығын дамытып, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру қамында түрлі қашықтан кездесулер мен үйірмелер жұмыс істеп тұр. Айта кетейік балалар бөлімінде ғана 13 мыңнан астам кітап қоры бар. Оның тең жартысы электронды нұсқада қолжетімді. Оқырмандар олармен www.kazneb.kz порталынан таныса алады.
РОЗА ШӘКІМОВА, ҚР ҰАК ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ТІРКЕУ КЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Кітапханада «ЮНЕСКО-ның сурет салу», «Жарқын жұлдыздар» ғаламшартану және «Тоғызқұмалақ» сынды ұлттық ойындарды дәріптеу үйірмелері онлайн түрде жұмыс істейді. Карантинге байланысты аптасына бір реет қашықтан сабақтар өтеді. Сондай-ақ, оқырмандарға балалар жазушыларымен кездесулер ұйымдастырылады. Белгілі тұлғалар жайлы бейне роликтер әлеуметтік желілерде жарияанады. Ертегі, әңгімелер оқылып тұрады.