Төлемырза Темірбекұлы: Бір-ақ сәтте сағынышқа айналарыңды кім білген?..

Сені де еске алатын аз да болса жақсы бар... Қайран, Аманхан көкем-ай!.. Бір-ақ сәтте сағынышқа айналып кетеріңді кім білген. Қайғыра жүрегім ауырып айтпағым: «Өткені-ай, бәрі өткені-ай, өмірдің жаз бен көктемі-ай... Сары ала қаздар саңқылдап, сары ала күздің жеткені-ай... Біреуге өзім ынтызар, біреулер маған өкпелі-ай. Өткінші мынау өмірде, өтпелі, бәрі өтпелі-ай...» ға саяды Аманхан көке. Бұл фәниде пенденің әлсіз жері де, осы өмірдің өтерін білмеуінде. Марқұм өзіңнің замандасың Есенқұл ақын: «...Мына біздей бәрі бір Қалмайды жерде ащы бал. Өйткені мына дүниеде- Сізді де еске алатын, Бізді де еске алатын, Азда болса жақсы бар.»- дейді. Сізді еске алатын жақсылар көөөөөп көке! Қаламдасың, замандасың Қазыбек Исаның: «Жүрдім-жүрдім жүрдім де, Кетіп қалдым бір күнде. Немкеттілеу ағайын, Неге кеттім білдің бе?!» дегеніндей кеттің де қалдың ғой... Міне енді соңыңда сағыныш қалды, арман қалды, қатарың қалды, жан жарың, ұлдарың мен қыздарың қалды. Ақ жарма әділ сөзді, кең маңдай жүзді, балтаңдай жырлы, батыр мінезді Аманхан көке-ау неге асықтың... Алдыңда алынбаған, асуларың көп емес пе еді... Иә, ағайын көкейде бір-ақ сұрақ: «...Немкеттілеу ағайын неге кеттім білдің бе», - деп ақын Аманханның кетіп қалғаны... Менің тынышымды алған осы жалғыз-ақ сұрақ, арамыздан неге кетті екен... Кеткендердің қайтпайтынын ойлап менің де өзіңе тілерім, Алла иманыңды беріп, алдың жарық болып, Жаратқан Ием отбасыңа, ұрпақтарыңа ұзақ, бақытты ғұмыр берсін! Әумин! Төлемырза Темірбекұлы, Қазақ үні