Әль-Фараби ілімі қашан да өміршең
2020 ж. 09 наурыз
1472
0
Ғұлама ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің математика саласындағы мұраларын зерттеп қана қоймай, оны қазіргі білім беру жүйесіне енгізу керек. Бұл туралы республикалық ғылыми семинарда айтылды.
«Нақты ғылымды дамытуға жол салған «Математикалық трактаттар» әлі де құндылығын жойған жоқ», – дейді ғалымдар. Қазақстанда жоғары класты машиналар мен механизмдердің теориясының негізін қалаған Өмірбек Жолдасбеков – ӘлФарабидің тұжырымдарын зерттеп, оны ғылыммен ұштастырған бірден бір ғалым. Зерттеушінің еңбектерін дамыту негізінде көтергіші бар шағын роботтар, экзоскелеттер, инновациялық элеваторлар жасалды. Бұл жобалар еліміздің энергетика, медицина, отын өнеркәсібінде жоғары сұраныста. «Өте қарапайым манипуляторлар жасап жатырмыз. Манипуляторлардың жүргізгіштерінің барлығы қозғалатын буындарда тұрмайды, массасы азаяды да, дәлдігі қатаңдығы күшейеді. Сондықтан роботтар басқару жағынан, қай жағынан болсын, қарапайым. Солардың барлығын медициналық робот жасағанға, экзескелет жасағанға тағы басқаға пайдаланып, үлкен бағдарлама, жобалар жасап, істеп жатырмыз. Жолдасбековтың кезінде жасап құрып кеткен үлкен теориясы, қазір өзінің қолданысын табуда» - дейді Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының директоры Амандық Төлешов.
qazaquni.kz