Димаш Қытайдағы тыңдармандарын сақ болуға шақырды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ухандағы тыңдармандарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші үндеуін Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Димаш Құдайбергеннің айтуынша, ол Weibo әлеуметтік желісіндегі дәрігерлердің Dimash және Dears деп жазылған ақ халатта жүрген суреттерін көрген.

"Қазір Уханда адамдарды коронавирустан құтқарып жатқан Dears дәрігерлерінің суреттерін көрдім. Таяуда барлығы аяқталады деп сенемін. Сақ болыңыздар", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, соңғы деректер бойынша әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 93 090 адамға жетті.