Ел ықыласына бөленген жан

 Халық емшісі Жанарыс Енсеповтың есімі тек қазақ халқына ғана емес, алыс-жақын шетелдерге етене таныс. Әуелі Алланың қолдауымен одан соң, Жанарыс емшінің емі шипа болып, талай жан дертінен айықты. "Маған көп жағдайда, дәрігерлер күрделі диагноз қойып, одан жазыла алмаған науқастар келеді. Бірақ кез-келген науқасты қабылдай бермеймін. Келушілер мен қойған талапқа бағынуы тиіс. Ол талап – темекі шекпеу, арақ ішпеу, наркотикалық заттарды тұтынбау, шошқа етін(калбаса) жемеу, өзінің ата-бабалары туралы мәліметтерді білу, дәрігер диагнозын анықтайтын құжаттарының болуы. Меніңше бұл тым қатаң талап емес. Әрбір мұсылман баласы біз атап өткен жат қылықтардан аулақ болуға тиісті деп ойлаймын» – дейді Жанарыс Енсепов. Жанарыс Жақсылықұлы  науқастардың түсіне ене отырып, күндіз-түні ем жүргізеді екен. Бастысы – дендеріне саулық сұрап келген жандардың, әуелі Аллаға одан соң ол кісінің еміне деген сенімі маңызды. Ем алу барысында науқастар дертінен құлан таза айығып қана қоймай, бүкіл жан дүниесін тазартып, рухани тұрғыдан күш-қуат алып қайтады. Жанарыс Енсеповты алыстан іздеп келетін әйелдердің басым бөлігі балалы болып, ана атануды армандайтындар. Емнен кейін, құрсақ көтеріп, нәрестелі болып басым бөлігі алғыс айтуға қайта келіп жатады екен. Мәселен, атыраулық Ақкенже Жұмағалиеваны жатыр миомасының ісігі мазалаған. Дерті асқынғаннан кейін дәрігерлер науқастың жатырын операция арқылы алып тастаған. Бұл әрине, тұрмыс құрып, ана бақытын сезініп көрмеген бойжеткен үшін ауыр қасірет еді. Кейін әжесі Жанарыс Жақсылықұлына әкеліп, ем алады. Араға аз уақыт салып, жатыры қайта қалпына келеді. Осындай кереметке куә болған оның қуанышында шек болмайды. Сондай-ақ, атап өтуге тиісті басты нәрсе –  ғасыр дертіне айналған СПИД, бүгінде адам өміріне зор қауіп туғызып отырған онкологиялық аурулардың асқынған түрлерін емдеп жазған Жанарыс емші халықтың алғысына ие болған жан. Күні бүгінге дейін өмірден түңіліп, өзін-өзі өлімге дайындап қойған талай жанның дертіне Жаратушы Иеміздің қолдауымен шипа табылуына себепші болды. Қостанайлық Мәншүк Қалмұрзаеваға дәрігерлер бауырының көлемінің ұлғайғанын, талақта кистаның барын және ұйқы безі мен асқазанның тұсында ұйыған қанның бар екенін айтып, шұғыл түрде облыстық онкологиалық емханаға бару қажеттігін ескертеді. Осындай қысылтаяң шақта Мәншүк Жанарыс емші туралы естіп, ол кісіден ем алуға Ақтөбеге жол тартады. Ем жүргізу барысында Халық емшісі оған қылтамақ диагнозын қояды. Жиырма күндей тамағынан ас өтпейтін күйге түскен Мәншүктің қылтамақ екенін дәрігерлер білмеген. Атаның емінен кейін жоғарыда аталған дерттің барлығынан толыққанды жазылып, тамақ жеп, өзінің қалыпты күйіне түскен. Сонымен қатар, инсультке шалдығып, аяғынан жүре алмай келген қаншама адам аяғын тік басып, жүріп кетіпті. Адам өміріне қатерлі қаншама ауруды ауыздықтап, ниет етіп келген жұрттың бәріне шипа дарытқан Жанарыс Енсепов емінің нәтжелері туралы мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Ел арасында Қыдыр атаның сүйікті ұлы аталып кеткен Жанарыс Енсепов халықтың шынайы ықыласына бөленген жан. Ол кісінің Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегері атануы осы сөзімізді айғақтай түспек. Орынбек ШАРИПОВ Нұр-Сұлтан қаласы