Мемлекеттік хатшы елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана жұмысымен танысты
2020 ж. 19 ақпан
1641
0

Руханият шаңырағының бүгінгі ең қадірлі оқырманы – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев. Елімізге сыйлы парасатты азаматтардың бірі де бірегейі. Өз ісінің білікті маманы ретінде білеміз.Мемлекеттік хатшы кездесуге келген әрбір ақын-жазушылармен сөйлесіп, пікір алмасты. Дана Абайдың 175 жылдығы мен ғұлама ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай еліміздегі зиялы-қауым өкілдеріне белсенді атсалысуға шақырды. Шараға Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраев, ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы Баянғали Әлімжан, абайтанушы Асан Омар, ақын, прозашы, аудармашы Орынбай Жанайдаров, балалар әдебиетінің жазушысы Дария Түкенқызы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым-хатшысы Төрегелді Тұяқбай қатысты.