Ғұлама ғалым мұрасы - сарқылмайтын қазына
2020 ж. 03 ақпан
3784
0
ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер сарайында өткен шарада Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталғанын айтты.
Мемлекеттік хатшы Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ұлы ғұлама мұраларын және біздің елдегі, сонымен бірге шетелдегі әлемдік өркениет дамуына қосқан үлесін зерделеуге, жастардың ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ, оларды ғылыми қызмет саласына тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Құрметті қонақтар! Баршаңызды Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Сіздерге сәттілік тілеймін», – деді ҚР Мемлекеттік хатшысы. Университет қабырғасында «Әл-Фараби кітапхана орталығы» ашылды. Тұсаукесер барысында қонақтар ұлы ойшылға арналған мұражай экспозицияларымен танысты, оның шығармалары қойылған көрмені, Абай мен Алаш қозғалысының қайраткерлеріне, сирек кездесетін және құнды кітаптар қорына арналған сандық залды аралап көрді. Алдағы уақытта «Әл-Фараби кітапхана орталығы» ұлы ойшылдың идеялары мен шығармашылығын насихаттайтын болады.
З.Қабиоллаұлы
qazaquni.kz