Алтын адам құпиясын алғаш ашқан ғалым
2020 ж. 25 қаңтар
13639
1
Есік қорғанынан табылған Алтын адам жазуларын отыз жылға жуық уақыт зерттеп, құпиясын физика-математикалық әдіспен ашқан әлемдегі тұңғыш физик Мағрипа Жылқыбаеваның дүниеден озғанына бір жыл өтті.
1989 жылдан бастап Алтын адамның күміс зереншесіндегі жазуларын оптикалық әдістер арқылы зерттеумен айналысқан ғалым Алтын адам жазуында көрсетілген нұсқау бойынша еліміздің түкпір-түкпіріндегі жартас жазулары мен алыс-жақын шет елдердегі көне мұраларды да зерттеп, таңбалар расшифровкасын жасады. Мағрипа Жылқыбаеваның Алтын адам жазуын зерттеу нәтижесінде ашқан ғылыми жаңалықтары биік деңгейдегі ғылыми жиындарда, конференцияларда баяндалды. Мәселен, 2009 жылы «Түркі әлемінің қазіргі өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Ұмай ананың құпиясы» деген тақырыптағы баяндамасы ғалымдардың назарына ұсынылып, ғылыми жинаққа енгізілген.
Мағрипа Жылқыбаева – қазақтың атын әлемге танытқан ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың елге беймәлім болып келген құпия қырларын ғылыми тұрғыдан зерттеген республикадағы жалғыз жаратылыстанушы ғалым. 1993 жылы «Ана тілі» баспасынан шыққан «Қазақ бақсы-балгерлері» деп аталатын жинаққа ғалымның Жамбылдың ерекше қабілеті жайында жазылған «Құпия күш құдіреті» деп аталатын мақаласы кірді.
Мағрипа Шөжеғұлқызы 1945 жылы сәуір айының 13-інде Алматы облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Жамбыл ауылындағы мектепті 1964 жылы медальмен бітірген алғашқы үздік түлек. 1969 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін тәмамдаған. Радиацияның әсерін зерттеу проблемасымен байланысты «Исследование природы центров окраски в оптических кристаллах кальцита (CaCO3)» деген тақырыптағы диссертациясын 1981 жылы Томск мемлекеттік университеті, Сібір физика-техникалық институында қорғап, «физика-математика ғылымдарының кандидаты» деген атақ алған. 1991 жылы 29 қарашада Москвада Мағрипа Жылқыбаеваға физикадан «доцент» ғылыми атағы беріледі.
Мағрипа оптикалық кристалдарға радиацияның әсері жайында да кешенді зерттеу жүргізген әлемдегі тұңғыш ғалым. Осы ғылыми еңбек қорғалған кезден бергі уақыт аралығында В.А.Федоров, Т.Н.Плужникова, Р.А.Кириллов, О.П.Матвеева, И.В.Нефедова, Е.Ф.Полисадова, В.И.Корепанов, т.б. жаратылыстану салаларындағы ғалымдар Мағрипа Жылқыбаеваның еңбегі негізінде зерттеулер жүргізіп, өздерінің ғылыми жұмыстарына, диссертацияларына ғалым еңбегін арқау еткен.
Мағрипа Шөжеғұлқызы 1974-1994 жылдар аралығында физика саласына қатысты бүкілодақтық ғылыми жиындарда баяндамалар жасап, конференция жинақтарына мақалалары енгізілген. Атап айтсақ, Таллин, Москва, Ленинград, Томск, Александров, т.б. қалаларда өткен ғылыми конференцияларға бірнеше реттен қатысқан. Ғылыми-педагогикалық жұмысы кезінде түрлі грамоталармен марапатталған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында 1995 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарған ғалым техникалық ЖОО-на арналған «Жалпы физика курсының есептері. Оқу құралы» (Алматы: 1992), «Айналадағы радиация» (Алматы: 1990) сияқты физика саласындағы ғылыми кітаптардың, бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы. Радиацияның кристалдарға әсері жайындағы жұмыстары бойынша 2 патенттің иесі.
Мағрипа Жылқыбаеваның жаратылыстану ғылымдары бойынша көпшілікке арналған зерттеу мақалалары мен әдебиет саласындағы дүниелері әр жылдары Алматы облыстық «Қазақ тілі қоғамының» «Ақиқат» газетінде, «Білім және еңбек» (Зерде), «Жұлдыз», «Алматы ақшамы», «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан), «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (Жас алаш), «Ақиқат», «Ана тілі», «Қазақстан әйелдері», «Қазақстан – Заман», «Түркі әлемі», «Азия», «Жас Қазақ», «Жетісу», «Денсаулық», «Шалқар», «Ара», «Арай», «Ақ босаға», «Тарлан», «Айқын», «Өркен», «Қазақстан мұғалімі», «Айт», «Қазақстан мектебі», «Ақиқат» журналы тәрізді республикалық және халықаралық басылым беттерінде жарияланған.
1993 жылға дейін «Қазақ радиосының» әдеби хабарлар, жастар редакциясы арқылы әдеби, публицистикалық әңгімелері беріліп тұрған. Қазақстан Жазушылар Одағының «Найзагер» сатирик қаламгерлер қауымдастығының мүшесі болған (мүшелік билет №6, 1993 жыл) ғалым-қаламгердің публицистиканың сатира жанры бойынша жазған шығармалары «Ара», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақстан-Заман», «Қазақстан мұғалімі» т.б. газет-журналдарда басылды, қазір де республикалық ақпарат құралдарының сатира қосымшаларында жариялануда. 1986 жылы бір топ сатирик жазушылардың еңбектері топтастырылған «Қисық шеге» деп аталатын жинаққа Мағрипа Шөжеғұлқызының сықақ әңгімелері мен мысалдары енген. 2019 жылы «Мерей» баспасынан сатирик қаламгердің «Жалғасы бар ұтыс» деп аталатын сатиралық шығармалар жинағы жарық көрді.
Мағрипа Жылқыбаева халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі еді. (1991 жыл). Ол Кеңес Үкіметі кезінен бастап елімізде қазақ тілінің өркен жаюы үшін тер төгіп еңбек еткен қайраткердің бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Алматы қаласындағы №128 орыс мектебінің таза қазақ мектебі болуы үшін ата-аналарды ұйымдастырып, тиісті мекемелерге хаттар жазып, мемлекеттік тіл іргесінің беріктенуіне үлес қосқан ғалым. Қазақ тілі отаршылдық идеологияның ықпалында болған кезеңде Мағрипа Жылқыбаева В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында декан орынбасары қызметін атқара жүріп, аталмыш оқу орнында қазақтың атақты ақын-жазушыларымен студенттердің шығармашылық кездесулерін жиі-жиі ұйымдастырып, ұлт руханиятын игерген саналы ұрпақтың қалыптасуына зор еңбек сіңіру арқылы ел есінде қалды. Оқырман назарына Мағрипа Шөжеғұлқызының шағын мақаласы ұсынылып отыр.
Құлан САҒАТҰЛЫ
МӘУЕРЕННАХРДЫ ІЗДЕГЕН АРХЕОЛОГТЕР МҮРДЕХАНА ІШІНЕ ТҮСЕДІ
Яғни, бұл автор мынау кезеңдегі шығыстанушы тарихшылар мен түркітанушыларды шалшыққа оң жамбасынан аямай жатқызғанын осы сәтте ашып айтуға мәжбүрміз. «Өзеннің арғы жағындағы Мәуереннахр елін күйреткен» Шыңғысханның өзі («хат танымайтын Шыңғысхан» деп келгеніңіз) жас кезінде әлгіндей Би Бандитидің Умаи Ана Аңатима танған Ибн Батутасы. Мұндағы «Ибн» баяғы Ибн Синада бар. Әл-Фарабилердің кейбіреуінде «Ибн» қоса тіркеулі. Әйтсе де, әр кісінің «Ибн» титулы өзінше. Бірін екіншісі қайталамайтындай бөлек-бөлек мағынадағы шифрлы сөз. Европалық тәлімдіге жаппай айналған жаңа замандағы зерттеушілерді шалшыққа жағалай жығып келгені тек қана араб Ибн Батута емес. Сыртынан қарағанда момақан көрінетін Ибн Сина мен анау Әл-Фарабилердің өзі де оңдырмай шатастырғанын біз ертеңгі күні біле бастайтын шығармыз. Сондай негіздегі көп «қулықты», бұлталақ сөзді көне текстердің арасында төңкеріліп баяндалғаны тек қана «өзеннің арғы жағындағы ел» аталған Мәуереннахр дейсіз бе? Бұған кері бағытта аударылып суреттелген айтулы патшалардың «гробница» қазыналары да бар. Осындай себептен де, европалық Артур патша мен бірнеше Карлдың, Филиптердің «гробница» орны олардың сүйегінсіз тұр. Алдамшы атаудағы бұндай нүктелер Үндістан мен Сирия жерінде де бар. Бұлардың бәрі өзімізде жатыр. Ал енді, анау Мәуереннахр секілді ертедүниелік «моргтың» талайы тірі кісілердің иелігі ретінде тіркеліп келді. Соның бірі – Морабиелі. Байқоңыр жақтағы Төретамда өзінің астыңғы қабатында миллиондаған тұңғыш тұрғындардың сүйегін сақтап келді. Оның арасында Украинаның бірінші түпатасының сүйегі де бар делінген. Осы кісінің әйелі алтын крестпен жатыр. Иә, алтын крестің мән-жайы да мынау кезеңде төңкерілген түсінікте айтылып жүр. Крестің шығу тарихы математикадағы «+» (қосу) таңбасының өмірге келген құрметімен байланысты. Сол орталықтан төрт құбылаға қарай жол тартып, Жер Планетасының тыңын игеруге кеткен жас ұрпақтарға түпотандық ортақ белгі ретінде «+» таңбасы сыйланған. Сыртқа қарай кеткен әрбір жас мойнына ілген сол алтын «+» таңбаны ол кезеңдегі ана тілде Храстити, қысқаша «храсти» деп атаған. Бүгінде оны «крест» деп жүрміз. Алыс аймақтардағы кейбір кісілер бұны әлі де сол баяғы тілде «храсти» деп атайтын шығар. Алтай жақтағы халықтың арасында мойнына алтын храсти тағып алып, ҚҰРАН кітабын оқып отырған қарияны көрген бір журналист бұны «діннен безудің көрінісі» ретінде ашына жазған еді. Ол қария өзінің ататегі Алатаудан екенін мойнындағы алтын крест арқылы үнсіз сездірді. Мұндай түсінбеушіліктер Талхиздегі металл крест пен Кавказдағы үлкен крест жайында да өрбіп жүр. Айналып келгенде, крест атаулының бәрін «Иисус дінділерге тиесілі» деп босқа шатасу жалпылама иектеп алды. Тегінде сол Храсттың шығу төркінінде математикаға деген бірінші құрмет тұрғанын бүгінгілер түсінер емес. Дәл осындай танымсыздық тағылымы меңдейтін күйге өз еркіңмен құлдырап түсетініңді Ибн Батута кезінде болжап білген. Зерттеушілердің бәрін ойсырата «батута» қылды. Осы күнгі тілде айтылған «батпаққа батуда» дегенді Хұн дәуіріндегі ана тілінен берсек: Тапахтити Батутати болады. Сонда Ибн Батутаның аты-жөніндегі сөздің мағынасы: «Құдайды танымасқа айналған дінсіз кезіңде жақсылап тұрып батырамын». Әлгі Мәуереннахр мүрдехансын «ел» деп алдағаны осының бір дәлелі. Ол моргта жатқанның бәрі – тұңғыш баладан кеткен жас аналар. Ас ішуді білмейтін, ішек пен қарын жүйесі әлі пайда болмаған Мұз дәуіріндегі тұңғыш аналар қандай күй кешті деңіз? Бойына біткен тұңғыш баласы алып денелі батырдан кезіксе, босана алмай шетіней беріпті. Солардың бәрі бір орынға қойылған. Бұл жерге ең соңында барып, Әулие Атаның егде жастағы Мәриям әйелі жерленген. Осы ананың атымен аталған Мәуереннахр, шынымен де, Шу өзенінің бір жағында. Ішіне кіріп көруге болатындай етіп, шеткі бір есігін әдейі бекітпегендері жазуда айтылған еді. Десек те, ол кезеңнен бері толассыз өткен алуан-түрлі жер сілкіністер ол есікті сол күйінше оңай ашылатындай етіп қоймаған шығар. Мәуереннахр атауына есімі телінген ананы орыс тілінде «Дева Мария» деп жүр. Ол кісінің бұлай аталуы Иисустың беделімен байланысты дейтін шығарсыздар. Олай емес. Жалпы түрде өз қасиетімен бүкіл елге танымал болған Мәриям Ана Исадан басқа балалары арқылы да әлем халқына танымал жан. Алайда, Исаның шынайы өмірнамесі мынау кезеңде оның шындығына кері бағытта дәріптеліп келді. Бұның жатқан жерін ашқанда ол шындыққа көзді бір-ақ жеткізерміз. Әйтсе де, Жамбыл облысындағы сол айтулы нүктені ашпай тұрып, ол жерге бәрінен бұрын әлгі «Казахстан. Летопись трехтысячелетий» деген қара кітаптың қос ғалым авторын бірінші жеткіздіру қажет. Иисустың қандай Пайғамбар болғанын ресейлік қос шығыстанушы жатқан жерінен тікелей көрсін де, ғалым ретінде танып-білсін. «Отыз бір жасар жігіт шағында аяусыз өлтірілген» Иисусты ресейліктер жатқан жерінен танып білсе, жаңа дәуірдің өзіндік құпиясы да сонымен бірге ашылады. Евроорыстық шығыстанушылар мен түркітанушылар, олардан ғылым үйренген қазақ ғалымдары өткен өмірдің шындығы неде екенін сондай жерлерде жасырулы жатқан материалдық дүниелерден көріп түсінбесе, Батута батырып кеткен шалшықтан тұра алар емес.Тамыз. 2007 жыл.
qazaquni.kz