Жас ұландардың үндеуі және ұйымның жарғысы

1969 жылы Керекуде құрылған оқушылардың «Жас ұлан» ұйымының мүшелері өздері шамалас жасөспірімдер арасында ауызша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен шектелсе, ұйым ұзағырақ ғұмыр сүруі мүмкін еді. Алайда біз бұл іс-әрекеттерді қарқындылығы баяу, нәтижелігі төмен деп есептедік те жұртшылықты бірден селт еткізіп, ұлттық сананы дүр сілкіндіретін шараларды қарастырдық. Сөйтіп, үнпарақтар жазу ісін қолға алу керек деп ұйғардық. Сол кезде Ильяс Есенберлиннің «Қаһар», Серік Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі», Жайсаңбек Молдағалиевтің «Сарыарқаның сүйіктісі» романдарын оқып, қазақтардың тәуелсіздік жолындағы күрестері жайында біршама мәліметтерге қаныққан болатынбыз. Оның үстіне «Саяси экономиядан» «Отар елдерде ауруханалар мен ұлттық мектептер аз болады» деген анықтаманы оқыған соң «Қазақстан – Ресейдің отары» деген ой түйдік. Аталған туындыларды пайдалана отырып, үндеудің мәтінін мен дайындадым, жазу машинкасына басқан Сембай Құсайынов. Қолмен жазылған емес, жазу машинкасына басылған үндеуді таратушылардың кімдер екенін ешкім білмейді деген албырт ой бізді сақтық шараларынан айырды. Кеңес үкіметі кезінде әрбір жазу машинкасы қарыптерінің өзіндік ерекшелігі болатынын біз қайдан білейік... 1970 жылдың бас кезінде МҚК облыстық басқармасындағы тергеу барысында қауіпсіздік қызметкерлері әлгі мәтінді маған жатқа оқытып, үндеуді менің жазғаныма көз жеткізді. «О, Темір ата ұрпақтары! Сендер қазақ деген ұлы халықсыңдар! Сендер ғасырлар бойы еркіндік аңсап, қара түнек қанды жылдарда бақыт іздеп қан құсқан елсіңдер! Енді өзге халықтармен терезесі тең ел болуларың керек!» деген жолдармен басталған үндеу «Сендердің жарқын болашақтарың үшін қаза тапқан бабалар рухы өздеріңді бақыт жолына, бостандық жолына шақырады» деген сөйлеммен аяқталатын. Үндеудің осы тұстары ғана есімде қалыпты. Биыл сол ұйымның жетекшілерінің бірі, қазіргі кезде қоғам белсендісі, шежіреші, өлкетанушы ретінде жұртшылыққа танымал Қайролла Кәженов облыстық мемлекеттік мұрағаттар басқармасы қорынан «Жас ұлан» ұйымына қатысты істі тапты. Соның ішінен мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері аударған үндеудің орысша мәтіні шықты. «О, потомки Темира! Вы великий народ, казахи! Ваш народ жаждал свободу, в темные кровавые годы искал счастья, испытывал горе, слезами обливался. Теперь вы должны быть равными другими народами. Чужим землю отдали, родной язык и обычаи народа уничтожили. Надо покончить с таким неуважением к наследию предков. Поднимите голову! Настало время самим управлять своей страной. Лучше один день счастливой жизни, чем тысячу – в унижении. Если в одно время правил Ваш пращур Темир, то теперь им управлять должны Вы сами. Для этого под славным всемогущим знаменем батыра Исатая поднимитесь на борьбу против колонизаторов. Впереди Вас ждет великая битва за счастья. Не марайте честный путь предков. Не давайте чужим людям топтать могилу предков. Родной язык, на которым говорили Ваши родители и обычаи народа берегите. Такова Вам веление матери. Славные духи предков, погибщих за Ваше будущее, призывают на путь счастье, на путь свободы». Ұйымның жарғысы да болған еді. Біз оны БЛКЖО жарғысына қарап жасағанбыз. Бірақ мәтіні есімде қалмапты. Бір жақсысы, бұл құжаттың аудармасы да аталған істің арасынан шықты. -Привитие молодежи идей «Жас улана», поднятия казахской культуры, чистоты казахского языка; -добросовестно и своевременно выполнять поручения; -пополнение организации надежными, преданными людьми; -пользоваться правом внесения предложения о работе организации; -взаимная выручка и соблюдение конспирации; -укреплять единство; -в случае разногласия немедленно сообщить об этом «комитет»; -уплата ежемесячно взноса в сумме 50 коп. Биыл «Жас ұлан» ұйымының құрылғанына 50 жыл толды. Кезінде «Құпия» белгісі басылып, тек қауіпсіздік, прокуратура, компартия органдарындағы тиісті жоғары лауазымды шенеуніктердің оқып танысуына рұқсат етілген құжаттарды енді ғана жұртшылыққа жария етудің сәті түсіп отыр. Арман ҚАНИ, Павлодар қаласы.