ТАРЛАН
2019 ж. 23 қараша
2560
0
Талғат Теменге
Бәйгелерден топ жарып келеді атың, Асуларың асқар бел сен алатын. Кітабыңды қызығып оқыған соң, Гүлназ қойды апамыз немере атын! Әр сағатың маңызды, өте тығыз Әр шығармаң алысқа жететін із!.. Жансүйер қыз таптық біз Жаркенттен, – Бір екен ғой «Махаббат бекетіміз». Батып жүріп өмірдің азабына, Өнеріңе ел қол соғар таза мына... Шекспирлік шешімге шекпен жауып, Отелломен ой салдың қазағыңа!.. Әр сапарың әлемге – Жеңістерің, Қатып қалса қағида – Келіспедің... Арқалаумен келесің өнеріңмен! Күнәләрін «Күнәсіз періштенің». Махаббат – бұл емес қой бір күн аңыз.. Туындыңа тұнықтық тұнды нағыз! Жүрегіміз сезімнен жаралған соң, Бегімай мен Әселді жыр қыламыз! Текті өнер ғой тербеген жүрегіңді, Терең бойлай алғандар біле білді... Талғат десе – тарлан деп ұғады жұрт Таңғалдыра бер дәйім ұлы еліңді! Қазыбек ИСА 20.11.2019 qazaquni.kz