«КITAP FEST» көптің көңілінен шықты
2019 ж. 04 қазан
2026
0
Кітап оқу мәдениетін жандандыру мақсатында Алматыдағы Арбат алаңында қала әкімдігі мен «BAURZHAN» қайырымдылық қоры және «ABAYbooks» баспа үйінің ұйымдастыруымен «KITAP FEST 2019» фестивалі өтті.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Kitap Fest» фестивалін алматылықтар асыға күткен-ді. Алматылықтар көптеген іс-шаралар мен мерекелердің куәгері болып жүрсе де, дәл осы кітапқа толы фестивал мыңдаған тұрғындардың жүрегіне ұялап, жыл бойы асыға күттіреді. Неге?
Өйткені, осынау шараға отыздан астам отандық жазушылар, саяси-қайраткерлер мен блогерлер қатысып, «I BOOK YOU» -дан кітап алмасуға мүмкіндік берілді.
Сондай-ақ, әр түрлі жанрлардағы үш мың кітап оқырманға тегін таратылды.
«KITAP FEST 2019» фестивалінде «Фолиант», «Эрудит», «Самға», «Қазақ ұлттық университеті» баспалары және «Меломан», «Flip.kz» кітап дүкендері мен тағы да басқа Отандастарымыз өз өнімдерін ұсынды.
«Жазушылар шатырында» оқырмандар өздерінің сүйікті авторларымен кездесуге, жаңа кітаптардың тұсаукесеріне қатысуға тамаша мүмкіндік алды. Сонымен, белгілі пианист, Қазақстанның Халық әртісі Жәния Әубәкірова өзінің «Вариации на темы» кітабы туралы айтты. Белгілі қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің «Деформация вертикали» атты кітабын ұсынды, атақты журналист Вадим Борейко оқырмандарды «Народные инородные» жаңа кітабымен таныстырды, журналист, кәсіпкер Дана Орманбаева өзінің «Мы не ругаем детей» атты жаңа кітабы туралы әңгімеледі.Сонымен қатар, көптеген қазақ жазушылары «Kitap Fest» фестивалінің қонақтарына жаңа серпін беріп, өз оқырмандарымен кездесті.
«Кітаптар жайлы offline» шатырында қоғам қайраткерлері, журналистер, табысты кәсіпкерлер өзекті тақырыптарда сөз сөйледі. Шақырылған қонақтардың арасында Нора Розмут сияқты танымал блогерлер болды. Сонымен бірге Бақытжан Бұқарбай, Дина Төлепберген, жазушы, продюсер, режиссер, «100 адам» жобасының жеңімпазы Айди Айдарбеков, «Inteli kids» балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту орталығының директоры Салтанат Мүлкібаева, Еуразиялық шығармашылық гильдиясының өкілі (Лондон) Виктория Чугай, 451 дәрежелі әдеби клубтың негізін қалаушы Аманжол Әбиев, қазіргі қазақстандық жазушы және әдеби аудармашы және жазу шеберлігі мұғалімі Илья Одегов. Спикерлер «Заманауи қазақстандық әдебиет», «Ұлыбританиядағы кітаптарды баспаға шығару артықшылығы (Еуразиялық шығармашылық гильдиясы) және цифрлық баспагерлер», «Кітаптар сіздің брендіңізді құруға нұсқаулық ретінде», «Шет елдегі ертегілер», «Балаларға кітапқа деген сүйіспеншілікті қалай тәрбиелеу керек», «Әдебиеттегі ғылым» және «Бір жылда 100 кітапты қалай оқуға болады» деген тақырыптарда сөйлеген болатын.
Жазушылардың, сондай-ақ ХХ ғасырдың басындағы білім алып отырған қазақ халқының мұрағаттық фотосуреттер көрмесі, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, бетбелгілер жасайтын шеберханалар да кітап сүйер қауымды бей-жай қалдырмады.
«Біз, жыл сайын Kitap Fest кітап фестивалін ұйымдастырамыз және кітаптар мен білімге қызығушылық танытатын көптеген қонақтардың қатысуы бізді жыл сайын таңдандыра түсуде», – дейді фестивальдің бас ұйымдастырушысы Майра Әлжанова.
Фестиваль ұйымдастырушылары, «БАУЫРЖАН» жеке қоры фестивальді Қазақстанның барлық ірі қалаларында өткізуді жоспарлап отыр.
qazaquni.kz