Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту мәселесі талқыланбақ
2019 ж. 24 қыркүйек
2074
0
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылдың 25 қыркүйек күні «Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар» республикалық онлайн семинарын өткізеді.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытудың бүгінгі таңдағы инновациялық әдістемесін ұсыну және оқытудың мультимедиалық технологияларын енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
Семинарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің қызметкерлері, әдіскер-ғалымдар, облыс орталықтарының Мемлекеттік тілді оқытудың өңірлік орталықтарының оқытушылары, тіл мамандары.
Семинар барысында әдіскер-ғалымдар, әдіскерлер онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары мен әдіс тәсілдерімен бөліседі. Тілдерді оқыту орталықтары мен республикаға белгілі үздік әдіскерлер шеберлік сабақтары мен онлайн сабақтарын көрсетеді.
Байланыс телефондары: 8(7172) 273044, 408363, 87751684247