"Күй-Аманат" күйшілер байқауы жарияланды

Жиделібайсын күй мектебінің өкілі, күйші Оразбек Сәрсенұлының күй-аманатын насихаттау мақсатында еліміздегі күйшілер арасында байқау жарияланды.

БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ:

1. В контакте әлеуметтік желісіндегі https://vk.com/id366513476 парақшасында күйшінің жеті күйі берілген. Күйші міндетті түрде "Күлтір-Мамай" күйін және қалған алты күйдің біреуін өз талғамына қарай орындауы тиіс. Күйшілер байырғы құймақұлақ дәстүрімен, күйлерді есту арқылы алады.

2. Күйші өзінің аты-жөнін, қысқаша өмірбаянын жазып, күйлердің wafe немесе видео нұсқасын sarsenova.001@mail.ru почтасына 10-шы желтоқсанға дейін жіберуі керек.

***

Байқау қорытындысын белгілі күйшілер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жанғали Жүзбай, Құрманғазы атындағы ҚҰК доценті, бірнеше күйшілер конкурсының лауреаты Мұрат Әбуғазы және "Жүсіп" күйінің авторы, Жүсіп Сәрсенұлының немересі Мәди Көшікбаев шығарады.

Байқау қорытындысы 2019 жылғы желтоқсанның 16-ы күні белгілі болады.

СЫЙЛЫҚ ҚОРЫ:

БАС ЖҮЛДЕ: - 200 000 тг

І-орын: - 120 000 тг

ІІ-орын: - 80 000 тг

ІІІ-орын: - 50 000 тг