Махамбет Ерғали: Ерлігіңізбен Ел үмітін ақтадыңыз...
2019 ж. 14 қыркүйек
3359
0
Ұлттық Кеңестің әр отырысын асыға күтеміз!
Отыз жылда бізде мемлекет басшысына ешкім батылы барып, осы Қазақ тілінің ауыр мәселесін тіке айта алмай келді. Бірде-бір зиялы қауым өкілі Орыс тілін ресми статусынан айыру керек дегенді осындай биік деңгейде айта алған жоқ! Президент түгілі, Парламент пен Үкіметте де Конституциядан орыс тілін алып тастау мәселесі көтерілген жоқ! «Қазыбек Иса Қазақ тілі туралы Тарихи сөз сөйледі» деп жазған қоғам қайраткері Ауыт Мұқибектің сөзіне толық қосыламын! Өйткені, Ұлт үшін ең басты міндет – Ұлттық мүдденің қорғалуы! Қазақ «Қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын»-деген текті халық. «Сананы тұрмыс билегенмен» санасы мен ұлттық намысы жоғары, рухы биік тұлғалар ең алдымен Ұлттық мүдденің негізі – мемлекеттік тіл мерейі үшін күрескен!
Жарайсыз, Қазеке! Ерлігіңізбен Елдің үмітін ақтадыңыз!
Енді Ұлт үмітін ақтай бастаған Ұлттық Кеңестің қадамын қадағалап, әр отырысын асыға күтетін болдық! Ұлттық Кеңес отырысы ережесіне қарасақ, жылына кем дегенде үш рет өткізіледі деп жазып қойыпты. Кем дегенде ай сайын өткізсе де дұрыс еді. Қордаланып қалған, шешілмей келе жатқан күрделі мәселелер шаш-етектен ғой бізде.
Ұлттық Кеңес халық сенімінен шыға береді деп сенеміз!
Махамбет Ерғали,
qu-qu.kz