Алтын Орданың 750 жылдығы туристерді тарту үшін тойлануы керек - Тоқаев
2019 ж. 02 қыркүйек
3270
0
Алтын Орданың 750 жылдығы туризмді дамыту тұрғысынан тойланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанда осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Туризмді дамытуға айрықша мән беріледі. Әсіресе экологиялық және этнотуризмге экономиканың маңызды бағыты ретінде көңіл бөлінуі тиіс. Алтын Орданың 750 жылдығы туристердің назарын тарихымыз бен мәдениетімізге, жеріміздің табиғатына аудару тұрғысынан тойлануы керек», - деді Президент.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақ үні" порталында белгілі ақын Қазыбек Исаның "ҰЛЫТАУДА ҰЛЫ ЖОШЫНЫ ҰЛЫҚТАУ АЛТЫН ОРДАНЫ АСҚАҚТАТУҒА БАСТАЙДЫ" атты мақаласы жарияланған болатын.