Әділдіктен танбаған тарлан еді...
2019 ж. 20 шілде
2690
0
Өмірден Телғозы Еребаев ағамыз да өтіпті. Арыста бокс мектебін ашып, жастарды спортқа баулып, патриоттық пен отаншылдыққа тәрбиелеген, ел ағасы бола білген ер ағамыз еді. Халықтың мүддесін қорғауда әділдігінен танбаған тарлан еді.
Ағайынға ғана емес, аймаққа ардақты азамат ағамызбен талай сұқбаттасқан кездеріміз болып еді.
Үлкенге ізетті, ініге ілтипатты еді. Жаны жайсаң, жақсы адам еді... Парламенттік сайлаулар кезінде де Алашқа Ақ жол тілеп, елді соңынан ерте білген ер еді. Ағамыздың алды пейіш, арты кеніш болғай! Артындағы ұрпақтарына құдай ұзақ ғұмыр бергей. Отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз. Иманы салауат болсын!
Қазыбек ИСА,
ақын, «Ақ жол» партиясы
төрағасы орынбасары,
«Қазақ үні» газеті президенті
qazaquni.kz