«ЖАР АСТЫНДАҒЫ» ЖАҒАНОВА «РУХАНИЯТТЫ» ЖАРҒА ЖЫҚТЫ…

17
2155


МИЛЛИОН КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

         Сайлау «сюрпризі»  басталып та кетті…   28 желтоқсан күні кешкі сағат 5-те Алтыншаш Жағанованың «жалған құжат жасады» деген арызы бойынша Орталық сайлау комиссиясы «Руханият» партиясын сайлаудан алып тастады…

Кезінде оралмандардың аттарын сырттарынан жазып алып, партия құрған Алтыншаш Жағанова  «Руханиятты» Лондоннан келген жас кәсіпкер Серікжан Мәмбетәлинге сәтті саудалай біліп, 1 миллион долларды қалтасына басқан болатын…

Бірақ алпыстан асқан Алтыншаш Жағанованың  «алтын сыйы» бұл ғана емес екен… Ол дорбалаған долларды санап алғанмен, Мәмбетәлин партия құжаттары мен мөрді  санап алмаған…  Жарғы мен мөр Жағановада қала берген.  Ал құжатқа қырсыз біз секілді дала қазағы болса, бір сәрі,  шетелде  талайды көрген Мәмбетәлиннің мәңгіріп қалғаны қызық екен…  Жағанованың айтуынша, ол  осы уақытқа дейін партияның құжаттарын қолына ұстап көруге тырыспапты…  Таяуда ғана 22 желтоқсанда «Время» газетіне құжаттарының  «жоғалғаны» жайлы хабарлаған… Ал осы кезде екі жыл бойы көрінбей кеткен Алтыншаш ханым «Қайдағы жоғалған, ол баяғыдан бері менде. Сендер заңсыз құрылтай өткіздіңдер, партиялық тізімді сайлаудан алып тастау керек» деп шыға келген… Осы шалалықтың арқасында «жар астындағы» Жағанова «Руханиятты» жарға жықты… Мұқтар Шаханов бастаған 23 саясаткерді сайлаудың орта  жолында омақастырып құлатты…  Бүгінде бокал көтеріп жатқан (жаңа жыл үшін ғана емес…) Ертісбаев неге «Шаханов «Руханиятқа» барса,  7 пайыздық межені алып, Мәжіліске өтеді » деп өзі  «өте жақсы» көретін ұлт патриоттарының көсеміне қамқор болып қалды екен деп жүргеніміз тегін болмады…

1993 жылы Жоғары Кеңесті  бір арызымен таратқан Татьяна Квятковскаяның «ерлігін» қайталаған Алтыншаш Жағанова енді  сайлаушылар көзіне  қалай қарайды екен… Ақиық ақын, тіл тірегі, «Руханият» партиясының ғана емес, жалпы руханияттың ту ұстаушысы Мұқтар Шахановтың жолына қарап отырған  сайлаушылары қолына түссе, Жағанованың  жағасына жармасатыны анық… Сондықтан енді Лондонға… Серікжан емес… Жағанова кететін шығар… Иә, мәмбетәлиндік миллионмен…  Оның үстіне енді оған онсыз да түкке  қажеті жоқ партиясынан шығып та қалды…

Мынадай сұмдыққа ілінбей, «сайлауға бойкот жариялайық» деп, партиядан бұдан бұрын шығып кеткен жас саясаткер  Мұқтар Тайжан көреген екен демеске амалымыз жоқ…

Ал Уәлихан Қайсаров қазақ тіліне қарсы шыққаны үшін өзін  «Руханият» партиясына қабылдамай қойған ұлт патриоттарына  қайта-қайта алғыс айтатын шығар…

Айтпақшы, енді миллион кімге бұйырады?

                                                              Қазыбек ИСА

17 ПІКІРЛЕР

  1. Нур Отанга : Ак жолга канша жала жабуга тырыскан сайын, сонын озі онын отірік екенін айкындай береді. Ак жол беделі халык алдында биіктей береді.

  2. Мен не әулие, не машайық емеспін. Сонда да болса бір ауыз айтпақ сөзім бар.
    Ең алдымен Серікжан мырзаны туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Оның саяси келбеті туралы толық баға беруден аулақпын. Қай шепте тұрып сөйлесе де сөзінен елге зияннан пайдасы көп болды. Сол үшін рахмет.
    Ол туралы екі пікір бар.
    Біріншісі – ол Батыс пен АҚШ-тың арнаулы тапсырысымен «Руханият» партиясын сатып алған эмиссар. Оған қаражат та түрлі жолдармен госдеп(АҚШ) арқылы берілген. Бұл бағдарлама бойынша ол Қазақстандағы ұлттық құндылықтарды қорғау ұраны мен ұлтшыл топтарды біріктіру арқылы қоғамда жаңаша саяси ахуал туғызуға тиіс болатын. Сол үшін ол М.Шаханов сияқты адамдарды өз жағына тартуға, ұлттық мүддені саясиландыруға мәжбүр болды. Астананың аяқ астынан «Ақ жол» партясын реформалау мен оған да ұлттық рең беруіне, Перуашовтың хатқа қол қойып, одан бас тартпауына, өздеріне «Алаш» идеясын шаңырақ етуіне, т.т. осы себеп болды. Осы арқылы олар Айдос Сарым, Қазыбек Иса, Дәурен Қуат, Дос Көшім т.т. сияқты ұлтшылдардың бір бөлігін өз ықпалына тарта білді. Серікжанға басы Қажымұқан Ғабдолла сияқты майда-шүйделер ғана қалды. Ақ Орда сондай-ақ қанша жағаласа да, пікірлесі Смағұлдың одан бөле-жарып алса да, М.Шахановты «Ақ жолға» икемдемеді. Оны Серікжан үшін «бомба тығылған қақпан» реттінде сақтап отырды. Серікжан осы қақпанға өзі келіп түсті.
    Екіншісі – Серікжанның да бұл саяси фирмасының артында Ақ Орда тұр. Бұл сценарий бойынша олар ұлтшылдық ұранмен өздерінің қатарына М.Шахановты кіргізеді. Сөйтіп сайлау науқаны қызған кезде, оның қолдаушылары басқа саяси ағымдардан іргесін ажыратып алған кезде партияны заңсыздандырып жібереді. Шахановшылдар не болғанын түсініп болғанша сайлау да өте шығады. Түсініп үлгердім дегендері амалсыз «ұлтшылдығы басым Ақ жолға» кіреді.
    Бірінші жағдайда да, екінші жағдайда да М.Шаханов Ақ Орда тапсырысын орындаушы. Осы еңбегі үшін оған үлкен сый уәде етілген. Ол – сенаторлық орын.
    Сайлау өтісімен М.Шаханов патриот Ғ.Қасымов сияқты сенатор болады. Сіздер оны қазірден бастап осы мансап-дәрежесімен құттықтай берулеріңізге болады. Дежавю.
    Сол себептен Шахановты пұт етіп табынушы, айналайын бауырлар, арандамаңдар! Серікжан не болса ол болсын М.Шаханов жерде қалмайды.

  3. Партия ақша табатын алтын касса сияқты. Миллион бітті. Енді миллион долларларды басқадан алу керек қой. Жарайсын, Алтын тапқыш Алтыншаш!!!!!
    Қазбек ер екенсің!!! Саған сапарыңның сәттілігін,тағылған орденің алтыннан болсын! Мұхтарды қорғағаның, тілің мен діліңді қорғағаның. Сенен басқа нағыз еркектер қазақстанда көрінбей тұр. Жарадың!!!

  4. Сіздер Жағанованың жалдаптығын несіне әуере етесіздер? Серіктің өзінде ес жоқ. Саясатқа саясатсыз саудагерлікпен жетем деген адамда не ақыл бар? Одан да мына Нұр Отан мен оның әкімдерінің арсыздығына бір тосқауыл қойғызбайсыздар ма? Тараз қаласында да олар «Ақ жол» партиясынан қалалық маслихатқа тіркелген кандидаттарды салық комитеті арқылы бүгін баудай түсірді. 14-15 теңгелер үшін. Ең масқарасы олар шешімді 7-8 қаңтарда, әдейі демалыс күндері шығарып отыр, Бұл енді шектен шығушылық қой

  5. Құдай-ау, мына жұрт сайлау деп несіне ақша шашып, әуре болып жүр. Сайлаудан кімдердің өтетіні жөніндегі тізім әлдеқашан жасалып қойған. Сондықтан өтірік «тупеть» етпей, көңілдеріне жаққан адамдарын Мәжіліске жай апарып отырғыза салмай ма? Олар халықтың алдында өтірік ақымақ болады, халық та өтірік ақымақ бола салады.

  6. енди сайлауда дауыс беретин партия калмады…
    нур-отан акжол, адилет, ауыл, патриоттар бари бир партия.
    ал сол билiктен айырмашылыгы жок, орысшыл оппозиция бар, олардын бизди ушпакка шыгармасы белгили…

  7. Батырғанға: солайы солай-ау, қазіргі, сайлау алды барысында. Ал содан кейін мықты перуашев, өзі де ұлтшылдыққа мойын бұрмайды, партияны істеген нан да оған бұйрық бермейді. Ұлтшылдар, дәл осы күннің кейпін кешіп, тек улап-шулап қана жатамыз..

    Шалқарға: айтқаныңызбен толық келісемін! Бірақ енді Мәмбеталинді қаралай бермейік. Өмір-бақи саясаткер емес шығыр, партияны басқаруға жаңадан келдіғой. Әрине өте үлкен қателік, бүкіл елге әсері қатты болды. Бірақта адамбызғой.. Оның саяси өмірі әлі алда деп үміттенейік. Ұлтшылдық бағыттан таймаса..

  8. Мұқтар Шахановты тағы да ақын Қазыбек Иса қорғап шығыпты. Парасат бар жерде партиялық бөлектік кедергі бола алмайды екен ғой. Қанша адамның қарғысына қалған Жалмауыз жағанованың жанын шығарғаны сауап болыпты. Мәмбетәлиннің шалалығын да дұрыс сүйкеп кеткен екен.

  9. Қазыбек партия басқармағанмен, «Ақ жолдың» президиум мүшесі, яғни айтқанын өткізе алатын беделді ақын. Соның арқасында талай ұлттық мүддені көтерген өткір мәселелер партияда қолға алынып жатыр. ал ұлт мүддесіне қарсы пиғылдардың жолы кесілуде.

  10. өкініштісі Қазібек басқармайдығой. Перуашев ұлтшыл болады дегенге ешкім сенбейді әрине. Қоғамдық, елдің жердің йесі жоқ мемлекеттлікқой, олардың көксегені, болшақта қазағымызды елсіз, жерсіз қалдыратын..Сондықтан менің насихатым, Руханияттың быт-шытын шығарғансоң, сайлауға бойкот.
    Руза

  11. Қазақтың сөзін сөйлеп, мұңын мұңдап, тілін қорғап келе жатқан қайсар ақын, елді дүр сілкіндірген тіл туралы 138-дің хатының авторы Қазыбек Иса үшін «Ақ жолды» қолдауға болады. Одан басқа кім қалды ?

  12. Жағамызды ұстамағаннан басқа амал жоқ! Мұхтар аға үшін Иртышбаев өлгенде моласында да тыныш жатпайды, кешіріңіздер, оның да, істетіп отырғанның да аталарына нәлет! Басқа айтар жоқ. Жағанова алаяқты да қара жер қалай көтеріп жүреді екен. Бірақ көрмеген неміз қалды? Қазақ билігі қазақтарды қырып салды, күрд тағы қазақ қызын зорлап кетті, орыстың тілінен, үстемдігінен еш партия айырайын деп отырған жоқ, жер асты байлығымыз, жер сатылып, қазақ жері ядролық та басқа залал заттардың полигонына айналуда, шын айтқанда өмір сүргің де келмейді

  13. «ЖАР АСТЫНДАҒЫ» ЖАҒАНОВА «РУХАНИЯТТЫ» ЖАРҒА ЖЫҚТЫ…» атты мақалада «Жас қазақ үні» газетінде Қазыбек Иса Жағанова деген жалмауыздың «жаназасын» шығарыпты… Жарайсың, Қазеке! Енді өзіңе Ақ жол! Әйтпесе, сайлауда ұлтшылдардан ешкім қалмады… Батырхан. http://www.qazaquni.kz

  14. Жағанованың жайы белгілі. Мамбеталин «мамбет» что ли? Қайда қараған печатына ие болмай? Артынан ерген қанша адамның алдында жауапты екенін сезбей ме?

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз