Жұмабек Тәшеновке ескерткіш орнатылады

Елордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов­ке ескерт­кіш орнаты­лады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Парламент Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман мәлім етті. Ескерткішті Жұма­бек Тәшенов көшесінің бойын­да ор­нату жос­парланған. «Бұл – Петропавл қаласында тұ­­ра­тын Солтүстік Қазақстан облысының құр­метті азаматтары Жақ­сылық Ысқақов, Болат Сағындықов, Зейнолла Олжабаев, Таңат Сүгірбаев, Амангелді Кен­жеғозинов, Ахметжан Қуантаев, Жангелді Тәжин және Сағындық Салмұрзин сынды белсенді ағаларымыздың бастамасы. Олар Президент сайлауы қарсаңында «Nur Otan» партиясынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде маған хат жолдап, астанамызда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке ескерт­кіш орнатуға көмек­тесуімді сұраған еді», – дейді Кәрібай Мұсыр­ман. Оның ай­туынша, осы жө­нінде елорданың бұ­рынғы әкімі Бақыт Сұлтановқа хат жолданған. «Хал­қы­мыз айрықша ардақ тұтатын тарихи тұлғаның дүниеге келгеніне келесі жылы 105 жыл толатынын ескере отырып, оған лайықты ескерткіш орнату мәселесін қарауын өтінген болатынмын. Бүгін қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қол қойған ресми жауапты алып, қуанып отырмын. Қала әкімдігі Жұмабек Тәшеновке ескерткіш орнату үшін жер телімі және қаржы көзі қарастырылып жатқандығын хабарлады. Ал Петропавл қаласында қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалу үшін басын бәйгеге тіккен қаһарман ерге ескерткіш осыдан бірнеше жыл бұрын орнатылған болатын», – деді мәжілісмен. qazaquni.kz