Жарнамалар жаппай тексерілуде
2019 ж. 21 маусым
2657
0
Елордада Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолға алуымен «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» акциясы жүріп жатыр.
«Акцияның негізгі мақсаты – тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуын қадағалау, заңнаманы бұзғандардың жауапкершілігін күшейту, мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін өсіру, сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде кездесетін қателердің алдын алу», – дейді әкімдік өкілдері. Биылғы сәуір-мамыр айларында қаланың 68 көшесі мен 14 даңғылында орналасқан шағын және орта бизнес субьектілерінің жарнама мәтіндері тексерілді. Кәсіп иелеріне заңнама талаптары түсіндіріліп, кемшіліктер түзетілді. Рұқсатсыз орналастырылған 400-ден астам жарнама алынып тасталды. Ұйымдастырушылар акцияның аралық қорытындысын «дөңгелек үстел» отырысында жариялайды. Оған қала әкімдігінің басшылығы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті, прокуратура, қалалық кәсіпкерлер палатасы, аудан әкімдіктері, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармалары және тағы басқа мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен арнайы шақырылған дәріскерлер қатысуда.
qazaquni.kz