|
Фото: toqtama.kz
|
Сондай-ақ, ол Бибігүл Төлегенованың сынына байланысты да пікірін білдірді. Белгілі әншінің айтуынша, оны Шымкенттегі концерттерге жиі шақырады екен. Ал соңғы кездегі экономикалық дағдарыс Қайрат Нұртастың кәсібіне еш әсер етпеген.
"Мен әр концерттен қанша теңге алатынымды өзім білмеймін. Өйткені, коммерциялық жағына жауап бермеймін. Маған мұнда бару керек деп нұсқау келеді, мен сол жерге барып ән айтамын. Қалғаны менің жұмысым емес. Ал, әлемдегі дағдарыс, мұнай бағасының арзандап кетуі менің концерттеріме еш кері әсерін тигізген жоқ. Бұрын қандай болса қазір де дәл сол күйінде", - дейді әнші тілшілерге берген сұхбатында.
Қайраттың сөзіне қарағанда ол үшін шешімнің көпшілігін анасы қабылдайды екен. Ал болашақта әнші өзін саясаттан көргісі келеді.
"Ән айтып жатырмын, менің атыммен аталатын киімдер желісі бар, киноға түсіп көрдім. Енді болашақта өзімді саясаттан көргім келеді" дейді әншінің өзі. Ол сондай-ақ, Бибігүл Төлегенованың айтқан сынына қатысты да өз ойын білдірді.
"Мен ол үшін тіпті қуандым, демек сондай үлкен адам Қайрат Нұртасты тыңдайды. Иә, өнер болған соң әркімнің өз пікірі бар. Мен Бибігүл апамды сол үшін жек көріп кеткен жоқпын. Ол мен үшін анамдай адам. Оны құрметтеймін", - деп Қайрат Нұртас сұхбаттың соңында ағынан жарылды.