Баян Есентаева жаңа топ құрды
2014 ж. 29 қазан
3633
2
Жуырда қазақ эстрадасына қыздардан құралған тағы бір топ қосылады. Бұл туралы продюсер Баян Есентаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.
"Кешью" тобының продюсері үш қыздың жанына қараған суреттерін өз парақшасына салып, "Жақында!" деп жазған.
Продюсердің әлеуметтік желідегі мәліметіне сенсек, топтың аты "Лашын" болуы мүмкін.
Бүгінде "Жұлдызды дода" бағдарамасын жүргізіп жүрген Баян Есентаева "Кешью" тобы мен әншілер Жанар Дұғалова мен Ерке Есмаханның продюсері.
Бірнеше фильм мен сериал түсіріп үлгерген Есентаева енді жаңа бір топтың тұсауын кесуі мүмкін.