Апатқа кінәлі жүргізушіні куәгерлер бірден таныды. Ол – қазақстандық қыз-жігіттердің сүйіп тыңдайтын әншісі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова екен. Жақында ғана ол әлеуметтік желіге осы ақ «Лексусымен» түскен суретін жүктепті.
Жұлдызды ананың қасында болған құрбысы оны бірден жақтауға кірісті.
«Мына бағдаршам бұл жерде мүлде болған емес. Оны жақында ғана орнатқан. Жұмыс істемейді. Қоспаған, тек жыпылықтап тұрады», - дейді құрбысы үшін жаны шыққан келіншек.
Қайрат Нұртастың анасы темір тұлпарымен жылдамдық жинап үлгермеген. Дегенмен қиылысқа атып шыққан кезінде көлденең өтіп бара жатқан қызыл түсті жеңіл машинаны соғып, соңынан оған сол жолда келе жатқан келесі көлік килігеді. Абырой болғанда көлік апатына ұшырағандардың бәрі дін аман.
Видео дереккөзі: КТК телеарнасы