Қыдырәлі Болманов тұңғыш қазақстандық батарейкалар шығарды

Белгілі өнер жұлдызы әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Balbala батареяларын шығаруды қолға ала бастады.

Қыдырәлі Болманов тұңғыш қазақстандық батарейкалар шығарды

Қуаттандырғыш батареялар аса сапалы болмақ. Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы ресми парақшасында хабарлаған.

"Тағы бiр жақсы жаңалық, қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi - Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса..." - деп жазады Болманов.

Айта кетейік, "Бал-бала" компаниясы қазақша сөйлейтін қуыршақтар өндірумен айналысады. Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері - қазақ халық фольклорының кейіпкерлері болса, бір бөлігі жан-жануарлар кейпінде бейнеленген.

Источник: ИА "Казинформ"