Мәдина Сәдуақасова алғаш рет ұлының суретін жариялады (фото)
2014 ж. 18 тамыз
7273
5
Қазақтың танымал әншісі Мәдина Сәдуақасова босанғаннан кейін тұңғыш рет Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында фотосуреттерін жариялады.
Ондағы кей суреттерде әнші достары және әріптестері Қарақат Әбілдина және Маржан Арапбаевамен бірге бейнеленсе, келесі суреттерінде екі айлық ұлы Әнуармен бірге түскен.
Енді бір суретінде Мәдина атақты әнші, актриса әрі тележүргізуші Айгүл Иманбаеваның жанында. Сонымен қатар Мәдина өнерсүйер қауымға әлеуметтік желілердегі өзі туралы таратылған жалған мәліметтерге сенбеулерін өтініп, тек өзінің ресми парақшаларындағы ақпараттардың шындыққа жанасатынын айтады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, маусым айында Мәдина Сәдуақасова ұлды болған еді. Танымал әншінің сүйген жары республикалық телеарналардың бірінде режиссер болып қызмет атқарады.