Бекмамбетовтың фильмі Канадада екі сыйлықты жеңіп алды
2014 ж. 12 тамыз
1360
0
Тимур Бекмәмбетовтің жаңа фильмі Монреальда өткен Fantasia жанрлық кинолар фестивалінде екі марапатты жеңіп алды, - деп хабарлайды "Газета.Ru"
Америкалық Cybernatural қорқынышты фильмі техникалық және тұжырымдамалық шешімі үшін қазылар алқасының арнайы ескеруін және көрермендердің ықыласы бойынша тағайындалатын "Ең инновациялық фильм" сыйлығын жеңіп алды. Тимур Бекмәмбетов - идея авторы әрі картинаның продюсері. Лента режиссері - Леван Габриадзе ("Выкрутасы", "Елки-2", "Елки-3").
Cybernatural found footage ("табылған видео") жанрында түсірілген, оның оқиға желісі компьютер экранында өрбиді. Картинада бір жыл бұрын қайтыс болған қыз өзінің сыныптастарымен Skype-те сөйлесетін болады. Қыздың өліміне фильм кейіпкерінің Интернетте күн көрсетпеуі себеп.
"Cybernatural-ды жасау үшін әріптестер бір жарым жылға созылған зертханалық жұмыс жүргізді. Түсірілім үшін басты кейіпкерлердің алты бөлмесінің декорациясы жасалды, сюжет бойынша олардың әрқайсысы өз үйінде жүреді. Актерлер бір-бірімен өзара тартылған компьютерлік желі арқылы сөйлесті, олар түрлі қабатта болды және өз ноутбуктерінің камераларына қарап отырды", - дейді Тимур Бекмәмбетов.
Продюсердің айтуынша, жұмыстың ең қиыны бейнелерді құрастыру болды. "Монтаждау отыз бейнежолақпен жасалды, әр жолаққа экранның жеке элементі жазылды: курсордың қозғалысы, терезелердің ысырылуы, чатта мәтінді теру, тағы басқа. Осы элементтердің бәрін үйлестіру және жанды мониторды сезінуге қол жеткізу азапты іс болды. Бейнелерді кәдімгідей құрастыру үшін ондаған жолақтың бәрін қозғап, кесіп отыруға тура келді", - дейді Бекмәмбетов. Ол бұл технологияны алдағы уақытта басқа фильмдерді жасауға қолданатынын айтты.
kaz.tengrinews.kz