Талғат Жорабаев үйленді
2014 ж. 18 маусым
6026
1
Жақында Парижге барып бейнебаян түсіріп келген әнші Талғат Жорабаев жұмысын орта жолдан тоқтатты. Яғни, клиптің Алматыда түсірілетін бөлігі аяқсыз қалды.
Себебі, тамыз айында Жорабаевтар әулетінде дүбірлі той болмақ, деп жазады juldizdar.kz.
Талғат Жорабаев 7-маусым күні бақыт құсын қолына қондырды.
Нақтырақ айтсақ, Алтынай Жорабаеваның туған інісі Талғат жуырда шаңырақ көтерді. Әрине, сүйіктісінің есімін құпия ұстағанды жөн көрді бұл жігіт.
Ал мамандығы бухгалтер-экономист екенін жасырмады. Талғат Жорабаевтың таңдаған аруы Қарағанды қаласының тумасы.
Тәкеңнің жездесі Сәбит пен әпкесі Алтынай енді Арғындармен құда болды. Қазіргі таңда олар шырайлы Шымкент қаласында демалуда.
"Бал айын қайда өткізесіздер?" деген сауалға: "Әзірге білмеймін. Бір ағаларымыз үйленсең бал айын өткізу үшін, шетелге жолдама береміз деген. Көрерміз" деп қысқа қайырды.
nur.kz