Белгілі актриса Әсел Сағатова Біріккен Араб Әмірліктерінде ұлды болды

06-7_a524333bҚазақстандық белгілі актриса, тележүргізуші Әсел Сағатова ұлды болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Instagram әлеуметтік желісіндегі актрисаның оқырмандарына сілтеме жасай отырып.

Әлеуметтік желіде таяуда пайда болған Сағатованың суреттерін көрген оқырмандар оған құттықтаулар жазуда. Белгілі болғандай, Әсел өзінің тұңғышын Біріккен Араб Әмірлігінде босанған. Актриса соңғы үш айдан бері сол елде тұрып жатқан көрінеді.

Әсел Сағатова "Рэкетир", "Махаббат тәлкегі", "Подружки" фильмдері арқылы көпшілікке танымал. Актриса  –  Камалтин Мұхаметжановтың ортаншы ұлы Радий Мұхамеджановтың жұбайы. К.Мұхамеджанов Қарағанды облысының бұрынғы әкімі, ҚР Экология экс-министрі. Сағатованың күйеуі бұрын мемлекеттік қызметте, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде жұмыс істеген.

tengrinews.kz