“Азия” тобының әншісі Ренат Бассит ауыр көлік апатына ұшырады

ренат«Тағы да бір ақ тұлпарға отырдық, бұйыртса!!!» деп өз әлеуметтік желісіне жаңа Toyota Land Cruiser-200 көлігімен түскен суретті кеше ғана салған еді Ренат.

Ия, расында да 22.05.2014 жылы ол жаңа көліктің кілтін алды. Әрине адал еңбегімен тапқан көлік болатын. Сол жаңа көлігі, өзі айтпақшы, "бұйырмаған" болып тұр.  23.05.2014 күні «Азия» тобының мүшесі, Ренат Бассит көлік апатына ұшырады.

Әрдайым түсірілімдерден қолы босамайтын әнші, актер Ренаттың бұл жолғы апаты да түсірілімнен кейін орын алған. Таңға дейін жалғасын тапқан түсірілімнен кейін шаршаңқы күймен көлікке отырып, Қаскелең трассасында ұйықтап кетіп, жантүршігерлік оқиғаға тап болады. Өзімен бірге көлікте түсірілімде бірге болған актриса және бет бояғыш азаматша болған. Үшеуі де қазіргі таңда ауруханада ем қабылдауда.

Ең ауыр соққы алған рөлдегі Ренат. Көліктің сол жақ бөлігін сырмақ түгілі кесіп өткендіктен, сол қолына соққы қатты тиген. Көп қан жоғалтып, тез арада донор іздестірді. Әріптестерінің тез қимылдарының арқасында қан беруші де жылдам табылып, екінші операцияларын да бастап кетті. Бүгін Ренат есін жиды. Жанындағы актрисаның халі әлі мүшкіл...

"Жұлдыздар құпиясы"