ЖАНАР АЙЖАНОВАНЫҢ "ЖАСЫРЫН ҰЛЫ" БАР!..
2014 ж. 17 наурыз
23845
27
Бұл тақырыпта жаңалық жазбас бұрын көп іздендік. Жанар Айжанованың өнер әлеміне жастайынан келгенін білмейтін қазақ жоқ. Яғни халықтың назарынан тыс қалған кезі болған емес. Қазіргі таңда Айжұлдыз Адайбаева атты қызының бар екені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда анасының жолын қуып сахнада өнер көрсетіп жүр. Дегенмен бүгін біз Айжұлдыз туралы емес Жанар Айжанованың ұлы туралы айтып отырмыз. Бұлай айтуға себеп, жақында Жанар апайдың туылған күні аталынып өтті. Әлеуметтік желілерде Ерхан Алданазаровтың: «Ақ мама, туылған күніңізбен. Сіздей ақылшы анамның барына бақыттымын» деген жазбасына көзіміз түсті. Бұл жазбаның жауабы да болды «Жанар Айжанова: Рахмет балам!». Оқып отырып сіз де аң-таң болып отырған боларсыз? Біз де сондай жағдайда болдық. Мән жәйді Ерханнан білгенді жөн санадық. Сөйтсек, Жанар Айжанова Ерханның өнердегі ұстазы әрі жерлесі ғана болып шықты. Ерханды кішкентайынан өнерге баулып, үлкен сахнаға аяқ басуына себепкер болған жан екен. Қазіргі таңда Ерханның қоржынында жиырмаға жуық әндері мен үш бейнеклипі бар. Болашаққа құрған жоспары көп. Соның бірі Жанар анасымен дуэт жазу. Алдағы уақытта сіз бен біз жақсы жаңалыққа қанық боларымыз сөзсіз.
www.juldizdar.kz